Даниэль Джейкобс

Головкин "Канело" жекпе-жегі: Дэниел Джейкобс кім жеңетінін біледі

3076
(Жаңартылды 18:28 15.09.2018)
Дэниел Джейкобстің пікірінше, егер Головкин Альвареспен алғашқы кездесуден қорытынды шығаратын болса, оған жеңісті береді

АСТАНА, 14 қыркүйек — Sputnik. Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Дэниел Джейкобс қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы жекпе-жекке өз болжамын айтты.  

Дэниел бұған дейін Головкинмен жұдырықтасып, жеңіліп қалған болатын, деп жазды Sports.kz. Ол Геннадий мен "Канело" арасындағы алғашқы жекпе-жекті көргенін айтады.  

"Біз алғашқы жекпе-жекті қайталап көреміз деп ойлаймын. Меніңше, Головкин жеңеді. Егер дұрыс жұдырықтасып, Альвареспен алғашқы кездесуден қорытынды шығаратын болса, оған жеңісті береді. Ал шын мәнісінде "Канелоның" жеңіске жеткенін қалаймын, ал мен Деревянченконы ұтып, онымен кездессем деймін. Содан кейін  Головкинге реванш берер едім. Мен үшін бұл тиімді сценарий, өйткені GGG-ді ұттым деп есептеймін. Егер екеуін де жеңсем, дивизионның көшбасшысы атанар едім. Мені рингке жіберіңіздерші, ең үздік екенімді дәлелдеп берейін" — деді Джейкобс. 

3076
Кілт сөздер:
кәсіпқой бокс, Сауль "Канело" Альварес, Геннадий Головкин, Мексика, Қазақстан
Тақырып бойынша
Головкин XXI ғасырдағы үздік боксшылар тізімінде екінші орынға жайғасты
Амир Хан Головкин – "Канело" жекпе-жегінде кім нокаутқа түсетінін біледі
Головкин-Альварес жекпе-жегінің нақты уақыты белгілі болды
"Енді болмайтын шығар ...". Головкин жанкүйерлерін алаңдатып қойды
Головкин мен "Канелоның" қарымта кездесу үшін қанша сыйақы алатыны белгілі болды
Қуат Хамитов Головкин қандай жағдайда жеңіске жететінін айтты
Загрузка...