Сауль Канело Альварес - Геннадий Головкин

Головкин "Канеломен" жұдырықтасқаны үшін қанша гонорар алады?

1427
(Жаңартылды 21:49 15.09.2018)
Спортшылар туралы ақпарат тарататын агенттік Головкин мен Сауль Альварестің алдағы жекпе-жектен қанша гонорар алатынын айтты

АСТАНА, 15 қыркүйек — Sputnik. Қазақстандық кәсіби боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен өткізген реванш үшін 4 миллион доллар алады.

Спортшылардың гонорары туралы ақпаратты ESPN басылымы таратты.

Журналист Дэн Раффаэлдің мәліметінше, GGG қарсыласы бұл жолы бір миллион доллар артық алмақ. Жалпы боксшылар 30 және 40 миллион доллардан алады. Бұл ақша ақылы трансляция есебінен келеді.

Боксшылардың алғашқы жекпе-жегінде екеуі де тең түскен еді. Келесі жекпе-жекті қазақстандықтар 16 қыркүйек күні таңғы сағат 08:00 мен 08:30 аралығында тікелей эфирден көре алады.

 

 

1427
Кілт сөздер:
гонорар, жекпе-жек, қазақстандық боксшы, спорт, бокс, Сауль "Канело" Альварес, Геннадий Головкин
Тақырып бойынша
Головкин – "Канело" жекпе-жегі: Дэниел Джейкобс кім жеңетінін біледі
Абсолютті әлем чемпионы Головкин – "Канело" жекпе-жегіне әділ болжам жасады
Головкин XXI ғасырдағы үздік боксшылар тізімінде екінші орынға жайғасты
"Енді болмайтын шығар ...". Головкин жанкүйерлерін алаңдатып қойды
"Өз елін қолдамай ма?". Головкин Қазақстанның әнұраны орындалғанына қарсы
Головкин – "Канело" бокс кеші үлкен шығынға ұшырады
Головкин IBF титулын қайтарып алуы мүмкін
Загрузка...