Спорт

GGG "Канеломен" жұдырықтасу үшін шаршы алаңға шықты

© AP Photo / Jae C. HongГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық спортшы барлық белбеуін конға салды

АСТАНА, 16 қыркүйек — Sputnik. WBC, WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жек өткізу үшін Лас-Вегастағы T-Mobile аренаның шаршы алаңына шықты.

Бұл жекпе-жекте Головкин барлық белбеуін конға салады. Сондай-ақ, боксшылар The Ring чемпион титулы мен WBC белбеуі үшін жұдырықтасады. Алғашқысын танымал журнал Альварестен тартып алған-ды.

Аталған жекпе-жек Лас-Вегастағы 20 мың адам сиятын T-Mobile аренасындағы бокс кешінің басты оқиғасы болмақ. Ол Астана уақыты бойынша сағат 09:00-де басталды.

Естеріңізге сала кетсек, Головкин мен "Канелоның" алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың 15 қыркүйегінде өтті. Аталған жекпе-жекте екеуі тең түсіп, Головкин өз белбеулерін қорғап қалды. Кейін реванш 2018 жылдың 5 мамырына жоспарланды. Алайда жекпе-жек бұл жолы да өтпеді. Сауль Альварестің қанынан допинг табылуы салдарынан қазақстандық спортшының қарсыласы ауысты. 

 

Жаңалықтар
0