Головкин - Альварес жекпе-жегі

"Өзімді әлі де чемпион санаймын". Головкин жеңілісті қалай қабылдағанын айтты

4145
(Жаңартылды 13:25 18.09.2018)
Геннадий Головкин бүгінгі жекпе-жекте жеңіске жеткен қарсыласын құттықтады

АСТАНА, 16 қыркүйек — Sputnik. WBC/WBA/IBO нұсқалары бойынша бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин кәсіби бокстағы алғашқы жеңілісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Sputnik Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгін төрешілер шешімімен GGG мексикалық Сауль "Канело" Альварестен жеңіліс тапты.

"Болған жағдайларға қатысты көп нәрсе айтуға болады. Бірінші кезекте "Канелоны" құттықтағым келеді. Себебі, бүгін ол үйіне чемпион болып қайтты. Екеуіміз үшін де тартысты жекпе-жек өтті, екеуіміз де өте жақсы жұмыс істедік. Мен әлі де өзімді чемпион санаймын, бірақ ол да чемпионға лайық жұдырықтасты. Сол себепті, бүгін екі чемпионның жекпе-жегі өтті деп айта аламын.

Өзімді жайлы сезіндім. Жақсы жұмыс істедік. Джеб арқылы уысымда ұстадым, жалпы жекпе-жек кезінде қарсыласымды уысымда ұстадым. Оның бүгін менен қашпағаны ол жекпе-жекті өз бақылауында ұстады деген сөз емес. Мен боксшымын және әрі қарай да өз жұмысымды жалғастыра беретін боламын", — деді Головкин.

Сондай-ақ, ол алдағы уақытта үшінші жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты. Яғни мұндай ұсынысты қуана-қуана қабылдайтынын жеткізді.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Лас-Вегас қаласында өткен жекпе-жекте Геннадий Головкин қарсыласы Сауль "Канело" Альварестен жеңіліс тауып, барлық белбеуінен айырылды.

4145
Кілт сөздер:
жұдырықтасады, қазақстандық боксшы, жекпе-жек, спорт, бокс, Геннадий Головкин
Тақырып бойынша
Абсолютті әлем чемпионы Головкин – "Канело" жекпе-жегіне әділ болжам жасады
Амир Хан Головкин – "Канело" жекпе-жегінде кім нокаутқа түсетінін біледі
"Енді болмайтын шығар ...". Головкин жанкүйерлерін алаңдатып қойды
"Өз елін қолдамай ма?". Головкин Қазақстанның әнұраны орындалғанына қарсы
"Кедергі келтіргісі келді". Головкин ешкім күтпеген шындықты ашты
Головкин "Канелоның" ұят қылықтарын тағы да бетіне басты
Головкин IBF титулын қайтарып алуы мүмкін
Загрузка...