Головкин - Альварес

Әйгілі промоутер: Головкин екі мәрте жеңіске жеттім деп ойлауға құқылы

1395
(Жаңартылды 09:48 18.09.2018)
Лу ДиБелла Головкинге үшінші жекпе-жек ұйымдастырмауға кеңес берді

АСТАНА, 17 қыркүйек — Sputnik. Танымал промоутер Лу ДиБелла қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің реваншына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол өзінің "твиттер" парақшасында жазды.

Лас-Вегаста өткен жекпе-жекте төрешілердің шешімімен Альварес жеңіске жетті. Осылайша WBC, WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша бұрынғы әлем чемпионы Головкин кәсіби бокстағы мансабында алғаш рет жеңілді.

"Меніңше, GGG жеңді, бірақ одан жеңісті тартып алды деп те айтуға келмейді. Геннадий екі мәрте өзін жеңіске жеттім деп санауға құқылы. Ол өзі үміттеніп жүрген үшінші жекпе-жекте жас болмайтыны сөзсіз. CaneloGGG3 жекпе-жегінде "Канелоның" заңды фаворит болатыны да анық. Бокс — қатал бизнес", — деп жазды Лу ДиБелла.

Әрі қарай промоутердің бұл сөзі пікірталасқа ұласып, артынша ол өзінің позициясын түсіндірді.

"Меніңше, Головкин екі ретте де жеңіске жетті. Соңғы кешке мойынсұна аламын. Бұл осы нәтижеге жақын болды.

Ал бірінші жекпе-жекте бір жігітті аяусыз тонады.

Үшінші жекпе-жек аса сендіре қоймас. Кімнің жасы үлкен сол келер жылы қартайып, шаршай бастайтыны сөзсіз. "Канелоның" күш қайраты тасып тұр. Бұл GGG үшін өкінішті", — деді ДиБелла.

Головкин жеңілісті қалай қабылдағанын айтты

Естеріңізге сала кетсек, Головкин жекпе-жектен кейін сөз сөйлеуден бас тартып, рингтен кетіп қалды. Ал Альварес өз кезегінде үшінші жекпе-жек өткізуге дайын екенін жеткізді.

1395
Кілт сөздер:
промоутер, бокс кеші, жеңіс, спорт, бокс, Сауль "Канело" Альварес, Геннадий Головкин
Тақырып бойынша
Желіде Головкин - "Канело" жекпе-жегінің толық видеосы пайда болды
Головкин кәсіби бокста алғаш рет жеңіліс тапты
Головкин "Канеломен" жұдырықтасқаны үшін қанша гонорар алады?
Головкин – "Канело" жекпе-жегі: Дэниел Джейкобс кім жеңетінін біледі
Абсолютті әлем чемпионы Головкин – "Канело" жекпе-жегіне әділ болжам жасады
Амир Хан Головкин – "Канело" жекпе-жегінде кім нокаутқа түсетінін біледі
Головкин-Альварес жекпе-жегінің нақты уақыты белгілі болды
"Енді болмайтын шығар ...". Головкин жанкүйерлерін алаңдатып қойды
Загрузка...