Спорт

Майк Тайсон Головкин мен "Канелоның" екінші жекпе-жегіне баға берді

© AP Photo / Nikita BassovМайк Тайсон
Майк Тайсон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі 16 қыркүйек күні таңертең Лас-Вегаста өтіп, мексикалық жеңіске жеткен болатын

АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. Ауыр салмақтағы бұрынғы абсолютті әлем чемпионы Майк Тайсон қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің екінші жекпе-жегі аяқтала сала оның нәтижесіне қысқаша түсініктеме берді, деп хабарлады Sports.kz.

Головкин - Альварес - Sputnik Қазақстан
Видео
Желіде Головкин - "Канело" жекпе-жегінің толық видеосы пайда болды

– Тамаша жекпе-жек. "Канело" жеңді. Тартысты кездесу болды.

– Сіз "Канелоның" жанкүйерісіз бе?

– Иә.

– Испан тілінде бірдеңе айта аласыз ба?

– Hola (сәлем).  

Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі 16 қыркүйек күні таңертең Лас-Вегаста өтіп, төрешілер шешімімен мексикалық жеңіске жетті. Головкин карьерасындағы алғашқы жеңілісіне ұшырап, барлық белбеуінен айырылды. Сондай-ақ, біздің отандасымыз Бернард Хопкинстің орта салмақтағы титулдарын қорғау саны бойынша тарихи рекордын бұза алмады.

© Youtube / Boxing iconБой Головкин - Альварес
Бой Головкин - Альварес - Sputnik Қазақстан
Бой Головкин - Альварес

 

Жаңалықтар
0