Спорт

Абель Санчес Головкиннің жеңілгенін мойындады

© AP Photo / Greg BeachamГеннадйи Головкин мен Абель Санчес, архивтегі фото
Геннадйи Головкин мен Абель Санчес, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Санчес Головкиннің "Канелодан" жеңілуіне не себеп болғанын айтып берді

АСТАНА, 17 қыркүйек — Sputnik. Орта салмақтағы бірнеше тұжырым бойынша бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен екінші жекпе-жектің соңғы раундтарындағы олқылықтар жеңіске жетуге мүмкіндік бермегенін айтты, деп жазды Sports.kz.  

Майк Тайсон - Sputnik Қазақстан
Спорт
Майк Тайсон Головкин мен "Канелоның" екінші жекпе-жегіне баға берді

Санчестің пікірінше, Альварес жеңіске лайықты жігер көрсетті. Ол төрешілер алқасының жұмысына ешқандай шағымы жоқ екенін мәлімдеді.  

"Головкинге 11 және 12-раундтарда басымдық таныту қажет екенін айттым. Жекпе-жек тең өтіп жатты. Геннадий осы екі үш минутты да жеңуі керек еді, бірақ ол 12-раундты жіберіп алды. Оның жасаған соққылары жеңіске жетуге жеткіліксіз болды. Соңғы раундта төрешілердің бірі жеңісті GGG-ге бергенде, ол жеңімпаз атанар еді. Алайда екі төреші "Канело", біреуі Геннадий жеңді деген шешім шығарды. 

Жеңіске жете алмағанымызға өкініп отырмыз, бірақ жақсы төрешілер болды. Менің ойымша, "Канело" бұл жеңіске лайықты еңбек сіңірді. Ол – чемпион. Демалыстан соң келесі жылы мамырда үшінші жекпе-жекті ұйымдастырамыз деп үміттенемін. Мен Геннадий жеңді деп есептеймін, бірақ бұл пікірім жекпе-жекке дейін қалыптасып қалғанын ұмытпау керек. Шешім біздің пайдамызға шықпаған сайын жылай бермейміз ғой. Алайда қазылар әділ шешім қабылдады", — деді Абель Санчес.  


Жаңалықтар
0