Спорт

Головкиннің жеңілісінен кейін әзілдемек болған жігіттің басы бәлеге қалды

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуWhatsApp
WhatsApp - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Геннадий Головкин туралы жалған мәлімет таратқан жігіт полициядан бір-ақ шықты

АСТАНА, 19 қыркүйек — Sputnik.  Әлеуметтік желіде Сауль Альварестің екінші мәрте допингпен ұсталуына байланысты Геннадий Головкиннің белбеулері кері қайтарылады деген ақпарат жылдам таралып кетті. Жұрттан сүйінші сұрағандар бокс федерациясына сілтеме жасаған.

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкинге барлық белбеуді қайтаратыны рас па - бокс федерациясының жауабы

Содан кейін Головкиннің жеңілісіне әлі де сене алмай жүрген жанкүйерлердің төбесі көкке жетіп, бір-бірін құттықтап пікірлер қалдырған. Десе де, бокс федерациясындағылар көпшіліктің қуанышын су сепкендей басты. "Федерация ондай мәлімет таратқан жоқ" деп, желідегі әңгімені жоққа шығарды.

Бұдан бөлек, Головкинге 3 миллион теңге тіккен азамат өз-өзін өртеп жіберді деген мәлімет те өтірік болып шықты. Көшедегі өрттің видеосы әлеуметтік желіде тарап, жұрттың жағасын ұстатқан еді. Сөйтсе, 28 жастағы астаналық осылай әзілдемек болыпты. Бірақ артынша кешірім сұрап полицияға барған. Десе де, қалжыңбас жігіт жауапкершіліктен құтыла алмайды, деп жазды КТК. 

"Ол видеоны мен түсірген едім. Негізі оның бәрі жалған. Олай болмаған. Ешқандай адам өлмеген. Мен оны қалжың ретінде түсірдім, сыныптастар "группасына" жібере салғанмын", — дейді Астана тұрғыны.


Жаңалықтар
0