Спорт

Головкиннің "Канеломен" жұдырықтаспаған жағдайда не істейтіні белгілі болды

© REUTERS / Joe Camporeale-USA TODAY SportsГоловкин - Альварес жекпе-жегі
Головкин - Альварес жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық спортшы биыл "Канеломен" жұдырықтаспаған жағдайда тамыз айында Билли Джо Сондерспен кездесуі мүмкін еді

АСТАНА, 24 қыркүйек — Sputnik. Орта салмақтағы экс чемпион Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен үшінші жекпе-жекке келісе алмаған жағдайда қосымша қандай нұсқалар барын айтты. 

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкин жеңілістен кейін қандай күйге түскені белгілі болды

15 қыркүйек күні Альварес төрешілер шешімімен Головкинді жеңді. Бұл қазақстандықтың карьерасындағы алғашқы жеңілісі және ол осы жекпе-жектен кейін WBC, WBA (Super) және IBO белбеулерінен айырылды. 

Жекпе-жектен кейін боксшылар үшінші қарымта кездесу өткізуге дайын екендерін жеткізді. Леффлер The Ring басылымына берген сұхбатында Альвареспен келісе алмаған жағдайда Головкиннің жапониялық Риота Муратамен және WBO чемпионы британиялық Билли Джо Сондерспен кездесуі мүмкін екенін айтты. 

Осы уақытқа дейін Муратаның промоутері Токиода Головкинмен жекпе-жек өткізгілері келетінін мәлімдеген-ді. Ал Сондерспен Головкин осы жылдың тамыз айында жұдырықтасуы тиіс болатын. Мұны спортшының компаниясы Альварес бас тартқан жағдайда өткізуді жоспарлаған. 

 

 

 

Жаңалықтар
0