Бокс қолғабы

Бокстағы қазақ стилі: үш қазақстандық боксшы қарсыластарын ойсырата жеңді

738
(Жаңартылды 13:50 01.10.2018)
Үш қазақстандық боксшы Мәскеуде өткен бокс кешінде қарсыластарын жеңді

АСТАНА, 30 қыркүйек — Sputnik. Қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Жанабаев кәсіптік рингте төртінші жеңісіне жетті. 

Жеңілмеген спортшы Мәскеуде өткен бокс кешінде өзінің мүмкіндігін көрсетті. Ол Әзербайжан боксшысы Эмин Биннаталиевпен жұдырықтасты, деп жазады Sports.kz.

Жекпе-жек алты раундқа созылуы тиіс еді. Біріншісінде Жанабаев қарсыласын нокдаунға жіберді, екінші ранудта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. 

Бокс кешінде Асхат Жантұрсынов пен Ержан Залилов та қарсыластарына еш мүмкіндік бермеді. Лақап аты "Ракета" Ержан Залилов кәсіптік рингтегі 11-ші жеңісін тойлады: оның қарсыласы ресейлік Александр Салтыков төртінші рандтан кейін әрі қарай жұдырықтасудан бас тартты. 

Асхат Жантұрсынов кәсіптік рингтегі екінші жекпе-жегін өткізіп, латвиялық Эдгарс Калнарстан басым түсті.

 

738
Кілт сөздер:
бокс кеші, қазақ боксшысы, Ержан Залилов, Асхат Жантұрсынов, Нұрсұлтан Жанабаев
Тақырып бойынша
Қазақтан шыққан әлем чемпионы 15 қарсыласын нокаутқа түсірген боксшыны жеңді
Қазақстандық боксшы жеңілмеген ресейліктің чемпиондық атағын тартып алды
Қатарынан 39 рет жеңілген боксшы карьерасын аяқтады
Қазақстандық боксшы жекпе-жексіз әлем чемпионатының финалына шықты
Қанат Исламнан нокаутпен жеңілген боксшы әлем чемпионы атануы мүмкін
Қазақстандық үш боксшы жекпе-жектерден шеттетілді
Қазақ боксшы Азия ойындарында Қытайдың намысын қорғайды
Загрузка...