Спорт

Нурмагомедов пен МакГрегордың жекпе-жегі төбелеспен аяқталды - видео

© REUTERS / Noah K. Murray-USA TODAY SportsХабиб Нурмагомедов пен Конор МакГрегор
Хабиб Нурмагомедов пен Конор МакГрегор - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Хабиб Нурмагомедов қарсыласын төртінші раундта жеңгенімен, белдіксіз кетуге мәжбүр болды

АСТАНА, 7 қазан — Sputnik. Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов Лас-Вегас қаласында өткен UFC 229 турнирінде ирландиялық Конор МакГрегорды жеңді. Алайда төрешілер бұл жекпе-жектің ресми жеңімпазын жарияламады.

Нурмагомедов төртінші раундта қарсыласын қылқындырды. Жеңіске жеткеннен кейін ресейлік МакГрегор командасы мүшелерімен төбелесіп кетті.

Ресейлік бұл жекпе-жек үшін екі миллион доллар, ал ирландиялық бір миллион долларға артық алады. Бұдан өзге МакГрегор мен Нурмагомедов ақылы көрсетілімнен түскен ақшаның белгілі бір процентін иеленеді.

Нурмагомедов осы күнге дейін жеңіліс тауып көрмеген. Ол жеңіл салмақтағы UFC чемпионы. Ал МакГрегор жартылай жеңіл және жеңіл салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы. Ол 21 рет жеңіске жетіп, 4 рет жеңіліс тапқан.

Жаңалықтар
0