Спорт

Хабибтің жеңісінен кейін Дағыстанда не болып жатыр – видео

© AP Photo / John LocherХабиб Нурмагомедов жекпе-жектен кейін төбелесе жөнелді
Хабиб Нурмагомедов жекпе-жектен кейін төбелесе жөнелді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Хабиб Нурмагомедовтың туған жерінде отандастары жеңісті тойлап жатыр – халық қуанышын жасыра алмай, билей жөнелді

АСТАНА, 7 қазан — Sputnik. Дағыстан тұрғындары отандастары Хабиб Нурмагомедовтың ирландиялық аралас жекпе-жек шебері Конор МакГрегорды жеңгеннен кейін жаппай көшеге шықты.

Дағыстандықтар ғасыр жекпе-жегі деп айдар тағылған кездесуді тікелей эфирде тамашалады.

Махачкала көшелерінде автокөліктер үздіксіз сигнал беріп жатыр, ал тұрғындар "Хабиб, Хабиб", "Таулықтар, алға" деп айқайлауда.

Халық арасында аттар да жүргенін көруге болады.

Спортшының жанкүйерлері қуанышын жасыра алмай, лезгинка билей жөнелді.

Кейбіреулер бұл оқиғаны аспанға оқ атып атап өтуді ұйғарыпты.

Дағыстандық Хабиб Нурмагомедовтың ирландиялық Конор МакГрегорға қарсы жекпе-жегі Лас-Вегаста өтті. 

Жеңілмеген ресейлік жеңіл салмақтағы UFC чемпионы атағын қорғады. МакГрегор төртінші раундта қарсыласы тұншықтыру әдісін қолданғаннан кейін берілді.  

Дегенмен, кеш мұнымен аяқталмады: Хабиб күтпеген жерден тордан секіріп түсіп, өзін қорлаған көрерменге шабуыл жасады. Жаппай төбелес басталды. Салдарынан Нурмагомедов залдан кетуге мәжбүр болды және оған белбеу тапсырылмады. 

Жекпе-жек аяқталғаннан кейін полиция Нурмагомедовтың командасынан үш адамды тұтқындады.

Баспасөз мәслихатында оқиғаны тергеу барысында Нурмагомедовтың гонорары бұғауда болатыны анықталды.

Бұған дейін Sputnik Қазақстан Нурмагомедов екі миллион доллар, ал МакГрегор үш миллион доллар алуы тиіс екенін хабарлаған болатын. 


Жаңалықтар
0