Хабиб Нурмагомедов пен Конор Макгрегордың жекпе-жегі

UFC Нурмагомедовке Макгрегорды жеңгеннен кейін санкция қолданды

1652
(Жаңартылды 09:46 09.10.2018)
Нурмагомедов екі миллион доллар, ал МакГрегор үш миллион доллар алуы тиіс болатын

АСТАНА, 7 қазан — Sputnik.  Абсолютті жекпе-жек чемпионатының (UFC) президенті Дэйна Уайт ресейлік Хабиб Нурмагомедовтың ирландиялық Конор Макгрегормен жекпе-жегінен кейінгі жанжалдың салдарына қатысты түсініктеме берді.

Еске сала кетейік, алдымен Нурмагомедов октагонның торынан қарғып түсіп, Макгрегордың  спарринг серіктесі Диллон Дэниспен төбелесе бастады, содан кейін торға Хабиб командасының өкілдері кіріп, ирландиялыққа жұдырық ала жүгірді, деп хабарлады Sports.kz.   

"Макгрегордың гонорары мақұлданды, ал Нурмагомедовтың гонорары оқиғаны тергеу кезінде бұғауда болады", — деді Уайт. 

Бұған дейін Sputnik Қазақстан Нурмагомедов екі миллион доллар, ал МакГрегор үш миллион доллар алуы тиіс екенін хабарлаған еді. 

Естеріңізге сала кетейік, таяуда T-Mobile Arena-да тағы бір ірі жекпе-жек өткен болатын: қазақстандық Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареспен жұдырықтасты. Ол кезде "Канело" төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Олардың бұған дейінгі жекпе жегі 2017 жылы өтіп, тең ақталды.  


1652
Кілт сөздер:
санкция, UFC, Конор МакГрегор, Хабиб Нурмагомедов, Ресей
Тақырып:
"Нурмагомедов - Макгрегор" жекпе-жегі (18)
Тақырып бойынша
Нурмагомедов пен МакГрегордың жекпе-жегі төбелеспен аяқталды - видео
МакГрегор мен Нурмагомедов салмақ өлшеу кезінде төбелесіп қала жаздады - видео
"Сасық егеуқұйрық". МакГрегор ашық жаттығу кезінде Нурмагомедовке тіл тигізді - видео
Загрузка...