Хабиб Нурмагомедов пен Абдулманап Нурмагомедов

Нурмагомедовтың әкесі ұлын UFC ұйымынан да қатаң жазалайтынын айтты

449
(Жаңартылды 16:36 08.10.2018)
Хабиб Нурмагомедовтың әкесі әрі бапкері спортшыны UFC (Ultimate Fighting Championship) ұйымына қарағанда қатаң жазалауға уәде берді

АСТАНА, 8 қазан — Sputnik. Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың әкесі әрі бапкері Абдулманап Нурмагомедов "Известияға" берген сұхбатында ұлын ирландиялық Конор МакГрегормен жекпе-жектен кейін төбелескені үшін қатаң жазалайтынын хабарлады.  

Абдулманап Нурмагомедов шәкіртінің жекпе-жекті алғашқы раундтарда-ақ аяқтауға мүмкіндігі болғанын атап өтті – Хабиб жекпе-жектің алдын ала әзірленген тактикасын қатаң ұстанған.

Ол МакГрегорды жеңгеннен кейін болған оқиғаға түсініктеме бере келе, бапкер ретінде командадағы өте қатаң тәртіпті әрқашан қолдайтынын және ұлының әрекеті жөнсіз екенін мәлімдеді.  

Үлкен Нурмагомедов өзінің ұлына қарсы санкциясы UFC ұйымының жазасынан да қатаң болатынын айтты. Бапкердің пікірінше, жекпе-жек шебері сегізбұрыштың ішінде не істесе де жарасады, алайда одан шыққаннан кейін қоршаған ортаны ұмытпау керек.   

"Мен тіпті МакГрегорға жұдырық ала жүгірген Тухугов, Абдубакар, Резван, Эседулла Эмирагаевті айыптамаймын, өйткені барлық төбелес төртбұрыштың ішінде өтті. Ал төртбұрыштың сыртындағы төбелеске түбегейлі қарсымын"  — деген Абдулманап Нурмагомедов команданың басшысы ретінде өзіне жауапкершілік алатынын жеткізді.  

Өткен демалыста Лас-Вегаста ресейлік аралас жекпе-жек шебері Хабиб Нурмагомедов пен ирландиялық Конор МакГрегор арасында жекпе-жек өтті. Ресейлік ирландиялықты төртінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіп, жеңіл салмақтағы UFC чемпионы титулын қорғап қалды.  

МакГрегор мен Нурмагомедовтың текетіресі мұнымен біткен жоқ. Жекпе-жек аяқталғаннан кейін спортшылар мен олардың командалары арасында төбелес шықты. Салдарынан  Нурмагомедовтың гонорарын төлеу тоқтатылды, ал титулдың тағдыры не болатыны әзірге белгісіз. Ресейлік чемпиондық белбеуін бірнеше сағаттан кейін ғана алды.

Нурмагомедовтың айтуынша, төбелеске МакГрегордың діні мен еліне, отбасына тіл тигізуі себеп болған. Кейінірек чемпион Невада штатының  Атлетика комиссиясынан кешірім сұрады.  

 UFC басшысы Дэйна Уайт болған оқиғадан қатты көңілі қалғанын атап өтіп, ресейлікті титулынан айыру мәселесі қаралуы мүмкін екенін жоққа шығармады.  


449
Кілт сөздер:
жекпе-жек, сегізбұрыш, төбелес, UFC, Конор МакГрегор, Хабиб Нурмагомедов
Тақырып:
"Нурмагомедов - Макгрегор" жекпе-жегі (18)
Тақырып бойынша
Головкин Нурмагомедовтің жеңісінен кейін шаршы алаңға "шығып кетті"
UFC Нурмагомедовке Макгрегорды жеңгеннен кейін санкция қолданды
"Белбеуім қайда?". Хабиб жекпе-жектен кейін байбалам салды
Нурмагомедов пен МакГрегордың жекпе-жегі төбелеспен аяқталды - видео
Қуат Хамитов

Қуат Хамитов ресейлік спортшыны тұншықтыру әдісімен жеңді видео

8532
(Жаңартылды 10:19 26.09.2020)
Хамитов-Боков жекпе-жегінде қазақстандық бірінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіске жетті. Кездесудің толық видеосы жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек – Sputnik. Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов (18-7-1) Мәскеуде өткен Fight Nights Global 98 турниріне қатысты, деп хабарлады Sports.kz.

Хамитов ресейлік файтер Ахмад-Хан Боковпен (5-4) айқасты.

Айта кетейік, жекпе-жек қарсаңында Қуаттың қарсыласы өзгерді: бастапқыда ол басқа ресейлік – Олег Косиновке (7-5) қарсылас болуы керек еді.

Оқи отырыңыз: Қуат Хамитов дау тудырған видеосына қатысты мәлімдеме жасады

Хамитов-Боков жекпе-жегінде қазақстандық бірінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіске жетті. Кездесудің видеосын төменде көруге болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)

Осылайша Қуат Хамитов кәсіби карьерасындағы 19-шы жеңісіне қол жеткізді, ал Ахмад-Хан Боков бесінші мәрте жеңіліске ұшырады. Осыған дейін Хамитов бір жарым жыл бойы жекпе-жекке шықпады.

8532
Кілт сөздер:
аралас жекпе-жек, видео, Қуат Хамитов
Тақырып бойынша
Полиция Қуат "Найман" Хамитов ұсталғанын хабарлады
Қуат Хамитов чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекте жеңіліп қалды
Қуат "Найман" Хамитовтың басы бәлеге қалды
Ішкі істер министрлігі Хамитовтың атышулы видеосына қатысты түсініктеме берді 
Геннадий Головкин

Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

222
(Жаңартылды 12:28 24.09.2020)
Сәуір айында Головкиннің бапкері спортшының 12 қыркүйекте WBA орта салмақтағы чемпионы Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізбейтінін хабарлаған

АЛМАТЫ, 24 қыркүйек – Sputnik. Орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін 21 қарашада өткізеді. Бұл туралы The Athletic тілшісі Майк Коппинджер Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

GGG-дің қарсыласы IBF тұжырымдамасы бойынша міндетті үміткер поляк спортшысы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) болады. Жекпе-жекті DAZN спорттық стриминг қызметі көрсетеді.

Sports.kz сайтының хабарлауынша, Майк Коппинджердің әріптесі Лэнс Пагмайр жекпе-жектің Калифорния штатында Dignity Health Sports Park аренасында өтетінін хабарлады. Сондай-ақ, қазір GGG сол штатта дайындық жүргізіп жатыр.

Оқи отырыңыз: Танымал промоутер Головкин мен Альваресті Жапонияға шақырды

Айта кетейік, сәуір айында Головкиннің бапкері спортшының 12 қыркүйекте WBA орта салмақтағы чемпионы Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізбейтінін хабарлаған еді.

"Канелоның командасы қыркүйек айында жекпе-жек өткізуге шақырды, бірақ мен бас тарттым. Біздің жоспарымыз – Камил Шереметаға қарсы айқас, содан кейін тағы бір жекпе-жек бар", – деді Бэнкс.

222
Кілт сөздер:
Геннадий Головкин, кәсіпқой бокс, спорт
Тақырып бойынша
Геннадий Головкин қазақстандық боксшыларға үндеу жасады
Зал шулап кетті: Головкин жекпе-жектен кейін мәлімдеме жасады
Головкин мен Деревянченконың жекпе-жектен кейінгі жағдайы туралы ақпарат шықты
Геннадий Головкин ұлымен түскен суретін бөлісті
Қазақстан халқы өз жерінде мұндай кешті тамашалауға лайық – Головкин
Украинадағы ұшақ апаты

Украинадағы ұшақ апаты: аман қалған жалғыз курсанттың әкесі сұқбат берді

0
(Жаңартылды 11:00 28.09.2020)
Ан-26 ұшағы апатынан тірі қалған жалғыз курсант Вячеслав Золочевскийдің әкесі де авиация саласында жұмыс істейді, ол да үш рет ажалдан аман қалған

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Украинада ұшақ апатынан аман қалған жалғыз курсанттың беті бері қарап келеді, денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Курсанттың әкесі де авиация саласында қызмет етеді. Айтуынша, ол да үш рет ажалмен бетпе-бет келген, деп хабарлайды РИА Новости.

"Мен үш рет құладым. Баламның тірі қалғаны өз әкесінің ұлы екенін көрсетеді", - деді үлкен Золочевский "Сегодня" газетіне берген сұқбатында.

Оның айтуынша, Вячеславтың еш жері сынбаған, тек жарақаттары бар.

"Бәрі оны ұшақтан секіріп кетті деп айтып жатыр. Бірақ олай емес. Ол ұшақтан ұшып кетті. Өзінің досын құтқаруға тырысқанын да білемін", - деді әкесі.

Вячеслав Золочевскийдің өзі үйінді маңында есін жиғанын, жанында өртеніп жатқан курсантты құтқаруға ұмтылғанын айтқан еді. Көп ұзамай ол тағы да есінен танған. Курсант денесін жауып қалған фюзеляждің арқасында аман қалды.

Ан-26 ұшағының апатқа ұшырауы  

Әуе апаты Украинаның Харьков облысы Чугуев қаласы маңында 25 қыркүйек күні кешке болды. Ан-26 әскери-көлік ұшағы оқу ұшуын орындаған.

Крушение самолета Ан-26 под Харьковом
© Sputnik / Сергей Одинцов
Украинада Ан-26 ұшағы апатқа ұшырады

Бортта 27 адам – экипаждың 7 мүшесі және 20 курсант болған. Жиырма бесі оқиға орнында қаза тапты. Екі курсант ұшақтан шыққан, бірақ, кейінірек, біреуі ауруханада көз жұмды.

Ұшу және оған дайындық ережелерін бұзу туралы қылмыстық іс қозғалды. Төрт болжам қарастырылып жатыр: техникалық ақау, экипаждың қателігі, ұшуды басқаруға жауаптылардың қызметтік міндеттерін тиісті деңгейде орындамауы, ұшаққа техникалық қызмет көрсету және оны ұшуға дайындаумен байланысты проблемалар.

0
Кілт сөздер:
курсант, ұшақ апаты, Украина