Хабиб Нурмагомедов пен Конор Макгрегор

Жекпе-жектен кейін төбелескені үшін Конор Макгрегор жазалануы мүмкін

368
(Жаңартылды 16:03 10.10.2018)
Невада штатының атлетикалық комиссиясы ирландықтың атына шағым түсіруі мүмкін

АСТАНА, 9 қазан — Sputnik. Жекпе-жектен кейін төбелеске қатысқаны үшін Хабиб Нурмагомедов қана емес, оның қарсыласы Конор Макгрегор да жазалануы мүмкін. Невада штатының атлетикалық комиссиясы (NSAC) өткен демалыста T-Mobile Arena-да болған оқиғадан кейін қос файтерге де ресми шағым түсірмек, деп хабарлайды ESPN.

NSAC төрағасы Энтони Марнелдың айтуынша, қазір комиссия Нурмагомедов пен Макгрегордың кездесуінен кейін шыққан төбелесті толығымен тергеп жатыр. Тергеу барысында видео мұқият зерттеліп, оқиғаға қатысушылардан жауап алынады.

Сонымен бірге төбелеске қатысқан басқа да тұлғалар жаза тартуы мүмкін – оның ішінде сегіз бұрышқа шығып Макгрегорды бірнеше рет ұрған "қызыл жейде киген адам" да бар. 

"Октагонға шығып кеткен көрерменге тағылатын айыптаулар бар. Оның кім және қайда екенін білеміз. Тәртіп бұзушылық жайында бас прокурорға хабарлауым керек. Бұл күрделі оқиға, сондықтан мұқият тергелуі тиіс", — дейді Марнелл.

NSAC төрағасы хабарлағандай, тәртіптік тыңдаулар қарашаның соңына дейін өтуі тиіс. 

Хабиб Нурмагомедов пен Конор Макгрегор арасындағы жекпе-жек ресейлік файтердің жеңісімен аяқталды. Алайда кездесу біте салысымен Нурмагомедов октагонның қоршауынан асып түсіп, қарсылас команданың өкілдерімен төбелесе бастады. Макгрегор да соңынан ұмтылып еді, оны ешкім жібермеді. Кейін ирландық файтер алаңда Нурмагомедовтің командасындағы адамдармен жұдырықтасты.

Жекпе-жектен кейінгі баспасөз мәслихатында Хабиб Нурмагомедов өз қылығы үшін кешірім сұраған.

368
Кілт сөздер:
UFC, видео, төбелес, аралас жекпе-жек, Конор МакГрегор, Хабиб Нурмагомедов
Тақырып:
"Нурмагомедов - Макгрегор" жекпе-жегі (18)
Тақырып бойынша
Нурмагомедов пен Макгрегор фанаттары төбелесінің видеосы жарияланды
"Белбеуім қайда?". Хабиб жекпе-жектен кейін байбалам салды
Жалғас Жұмағұлов

Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіліс тапты

272
(Жаңартылды 10:30 12.07.2020)
Шешуші раундта кезекті соққы алмасулар болғанымен, Жұмағұлов соңғы сәтте тейкдаун әдісін ұтымды қолдана білді

НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде – Sputnik. Жеңіл салмақтағы қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы кездесуін бразилиялық Раулина Пайваға қарсы өткізіп, ұпай санымен жеңіліс тапты.

Бірінші раундтың алғашқы жартысында бразилиялық спортшы басымдыққа ие болды. Бірақ раунд соңына қарай Жұмағұлов есепті теңестріп, тіпті тейкдаун әдісін жасап үлгерді. Ал үзілістен кейін отандасымыз октагон үстінде толығымен үстемдік етіп, қарсыласына екі рет ауыр соққы дарыта алды. Шешуші раундта кезекті соққы алмасулар болғанымен, Жұмағұлов соңғы сәтте тейкдаун әдісін тағы да ұтымды қолдана білді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)

Алайда, төрешілердің шығарған шешімі таңқаларлық болды – 29:28 есебімен жеңіс 24 жастағы бразилиялықтың пайдасына берілді.

Жұмағұлов UFC құрамасында Fight Nights жаһандық чемпионы ретінде өнер көрсетті. Ал UFC 251 турнирі Абу-Дабидегі жауынгерлер сайысы аралында өтті.

Оқи отырыңыз: Жалғас Жұмағұлов ресейлікті жеңіп, чемпиондық титулын қорғап қалды – видео

Айта кетейік, ол 2019 жылдың қараша айында ресейлік Али Багаутиновты жеңген болатын. Жалпы, қазақстандық спортшының осы кездесу қорытындысын қоса есептегенде, төрт жеңілісі мен он үш жеңісі бар.

272
Кілт сөздер:
жекпе-жек, спорт
Тақырып бойынша
Спортшы шынтағымен жойқын соққы жасап, қарсыласын нокаутқа жіберді – видео
Аты аңызға айналған спортшы мен 13 жасар қызы қаза болды - видео
Екі қазақстандық спортшы Азия чемпионы атанды
Боксқа қайта оралған қазақстандық спортшы кіммен жекпе-жек өткізетіні белгілі болды
Атақты қазақстандық спортшы қайтыс болды
Сабина Алтынбекова

Желідегі танымалдығы да сеп болған: Сабина Алтынбекова басқа клубқа ауысты

94
(Жаңартылды 10:34 08.07.2020)
Италия құрамасының баспасөз қызметі спортшының әлеуметтік желілердегі танымалдығын атап өтіп, Сабина клубтың "бет-бейнесі" болатынын айтады

НУР-СУЛТАН, 8 шілде – Sputnik. Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова италиялық "Волалто Казерта" командасымен келісімшартқа отырды.

Енді Алтынбекова келесі маусымда италиялық әйелдер бас лигасының А сериясында ойнайды. Оның келісімшарты екі маусымға жасалды.

"Алтынбековамен келісімшартқа қол қоюға спорт компонентінен басқа оның әлеуметтік желілердегі үлкен аудиториясы да себеп болды. Соның арқасында Сабина команданың "бет-бейнесіне" айналып, имиджін қалыптастырады", – деп хабарлады Италия құрамасының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Алтынбекова 2019 жылдың желтоқсан айында арабиялық "Аль-Васл" командасына ауысқан, бірақ жарақатына байланысты өнер көрсеткен жоқ. Ал оған дейін қазақстандық волейболшы "Алматы" командасы мен жапондық GSS Sunbeams клубында ойнаған.

Сабина Алтынбекова – 23 жасар қазақстандық волейболшы. Ол 2014 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионатынан кейін танымал болды. Қытайлық БАҚ-тың волейболшы қызға назары ауып, бірнеше күнде оның фотосы әлеуметтік желілерде кеңінен таралды. Бұл жағдай Сабинаға мыңдаған жанкүйерлер тобын қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Оқи отырыңыз: Сәбина Алтынбекова "Отанын сатып кетті" дегендерге жауап берді - видео

Қазіргі уақытта Сабина Алтынбекованың Instagram парақшасында миллионға жуық жазылушысы бар.

94
Кілт сөздер:
спортшы, волейбол
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда спортшы 4 жасар қызды соққыға жықты - видео
Қазақстан волейбол бойынша Азия кубогінің 5-6 орындарына таласады
Атақты қазақстандық спортшы қайтыс болды
Сабина Алтынбекова: бар уақытымды волейболға арнап жүрмін
Сабина Алтынбекова Қазақстаннан кетті: қазір ол немен шұғылданып жүр
Дәрігер қолындағы пробирка

Соңғы тәулікте 1 798 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды

12
Коронавирус инфекциясын жұқтырған пациенттердің басым көпшілігінде – асимптоматикалық болып табылады. Ең көп жағдай Атырау мен Шығыс Қазақстан облысында және Алматы қаласында тіркелді

НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде – Sputnik. Өткен тәулік ішінде Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 779 науқас анықталды. Оның ішінде 1 061 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді.

Жалпы, республика бойынша 58 253 жағдай анықталды. Өткен тәулік ішінде COVID-19 дертінен 1 314 адам емделіп шықты.

Қалалар мен өңірлер бойынша (жалпы статистика/асимптоматикалық):

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 88 / 40
  • Алматы қаласы - 242 / 81
  • Шымкент қаласы - 137 / 99
  • Ақмола облысы - 38 / 23
  • Ақтөбе облысы - 40 / 25
  • Алматы облысы - 48 / 29
  • Атырау облысы - 269 / 200
  • Шығыс Қазақстан облысы - 211 / 150
  • Жамбыл облысы - 79 / 64
  • Батыс Қазақстан облысы - 97 / 43
  • Қарағанды облысы - 158 / 93
  • Қостанай облысы - 56 / 19
  • Қызылорда облысы - 91 / 33
  • Маңғыстау облысы - 72 / 67
  • Павлодар облысы - 51 / 6
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 65 / 48
  • Түркістан облысы - 56 / 41.
12
Кілт сөздер:
індет, эпидемия
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Қытайдағы жаңа коронавирус: әлемге эпидемия қаупі төніп тұр - видео
Эпидемия қаупі қалыпты өмірге оралуға кедергі болмауы тиіс – Біртанов
Ғалымдар: адамзатқа жаңа жаһандық індет қауіп төндіріп тұр
Дәрігер індет кезінде қандай азық-түліктен бас тарту қажет екенін айтып берді
Таразда індет жұқтыруға жол берген әскери бөлімнің лауазым иелері қызметінен босатылды