Хабиб Нурмагомедов пен бапкері Абдулманап Нурмагомедов

Нурмагомедов қазақстандық төрешілерді сотқа бермек

2273
(Жаңартылды 19:47 10.10.2018)
Бұған дейін Абдулманап Нурмагомедов Астанада өткен жекпе-жектің төрешілері мен ұйымдастырушыларын сынға алған еді – оның шәкірті қазақстандықтан жеңілді

АЛМАТЫ, 9 қазан — Sputnik.  Хабиб Нурмагомедовтың әкесі Fight Nights Global 88 аясында жекпе-жек ұйымдастырған қазақстандық тараптың іс-әрекетіне байланысты сотқа арыз түсіретінін мәлімдеді. Ережесіз жекпе-жек кеші 31 тамыз күні Астанада өтті.  

Абдулманап Нурмагомедов Оксана Кравцованың YouTube каналына берген сұхбатында жекпе-жектің нәтижесін жойып, шәкірті Тагир Уланбековке белбеуді қайтаруға әрекет жасайтынын айтты. "Төрешілердің әділетсіз шешіміне тап болғансыз ба?" деген сұрақтан кейін белгілі бапкер қазақстандық жекпе-жекті еске алды. 

" Бір ай өткен жоқ. Қазақстан. Көрнекі мысал: Уланбеков Тагир — Жалғас Жұмағұлов. Уланбеков жеңіске жетсе де, төрешілер 49:46 деген баға берді. Біріншіден, жекпе-жек Қазақстанда өтті, барлық төреші Қазақстаннан болды. Бұл елдің белбеуге ықыласы қатты ауды. Бірақ оны бұлайша жеңіп алмау керек… Мен төрешілер мен ұйымдастырушыларға ғана шағымданамын. Ал адамдарға қандай шағым болуы мүмкін?", — деп пікір білдірді Нурмагомедов.

Бапкердің айтуынша, оның қолында қазақстандық тараптың жауабы бар, таяуда соттасуға дайындалып жатыр екен. 

" Сауда-өнеркәсіп палатасына наразылық білдірдім, бізде 13.2 тармақ бар, егер келісе алмасақ, мен шағымдануға құқылымын. Қазақстандық ұйымнан жауап алдым, соңғы жауапты күтіп отырмын, содан кейін соттасамын. Мен үшін, менің шәкіртім мен мектебім үшін қағида тұрғысында осылай жасаймын, өйткені бүкіл әлем біледі", — дейді UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың әкесі әрі бапкері.

Оның айтуынша, белбеуді алып кету үшін ерікті шешім қабылдануы тиіс немесе Жұмағұловтың жеңісі туралы шешімнің күшін жою қажет, "өйткені олардың осы деңгейде әлем чемпионы атағы үшін төрелік етуге құқығы жоқ".    

Бұған дейін Абдулманап Нурмагомедовтың Астанадағы жекпе-жектің нәтижесіне көңілі толмағаны белгілі болған еді. Тагир Уланбековтың бапкері қазақстандық қарсылас жекпе-жек кезінде желкеден ұрғанын және тұншықтыру әдісінен сытылып шығу үшін ресейлікті бір рет тістеп алғанын мәлімдеді, ал төреші тыйым салынған әрекеттер туралы ескертуді елемеген. Нурмагомедовтың пікірінше, оның шәкірті бес раундтың төртеуін жеңген, бір раундта тйым салынған әдіс қолдануына байланысты жеңілген.   


2273
Кілт сөздер:
ережесіз жекпе-жек, сот, төрешілер, Хабиб Нурмагомедов, Абдулманап Нурмагомедов, Қазақстан
Архивтегі фото

Қазақстан ескекшілері "Үлкен Мәскеу регатасына" қатысады

26
Ресей ескек есу федерациясы Қазақстан спортшыларының қандай талаптарды орындауы тиіс екенін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Қазақстан спортшылары "Үлкен Мәскеу регатасы-2020" сайысына қатысатынын растады. Ресей ескек есу федерациясының президенті Алексей Свирин Sputnik Қазақстанға ұлттық құраманың ескекшілері өз елінде коронавирусқа тест тапсыратынын айтты.

Жарыс 7-9 тамыз аралығында Крылатское есу каналында өтеді. Үлкен Мәскеу регатасына ресейліктерден бөлек, Қазақстан, Молдова және Беларусь спортшылары қатысады.

"Біз барлық талапты жібердік, жарысқа қатысатындар оны орындауы тиіс. Олар өз елінде тест тапсырады", - деп мәлімдеді Свирин.

Ол шетелдік құрамалардың мүшелері тест тапсырғаннан кейін көп ұзамай Мәскеуге жететініне сенім білдірді.

"Бұл туралы ешқандай сұрақ туындамайды. Барлық құрама Есу каналында, бір жерде тұрады", - деп атап өтті Свирин.  

Сайыстар кезінде ұйымдастырушылар спортшылар мен делегация мүшелерінің денсаулығына күнделікті мониторинг жүргізіп, дене қызуын өлшеп тұрады. Егер күдік болса, шара қолданады.

26
Боксшы қолғабы

Қазақстандық боксшы қарсыласын жойқын соққымен нокаутқа түсірді - видео

2100
(Жаңартылды 11:30 05.08.2020)
2017 жылдан бері кәсіби бокста өнер көрсетіп жүрген спортшы осы уақытқа дейін 14 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Беларусь астанасы Минск қаласында өткен бокс кешінде қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий қарсыласын нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Аса ауыр салмақтағы жекпе-жекте Кособуцкий поляк боксшысы Камила Соколовскимен жұдырықтасты. Он раундқа созылған кездесуде қазақстандық спортшының басымдығы анық байқалды. Бесінші раундта қазақстандық Соколовскиді нокдаунға жіберді. Ал оныншы раундта тағы сұлап түсті. Бірақ бұл жолы аяққа тұра алмады.  

Осылайша, 31 жастағы Жан Кособуцкий кезекті жекпе-жегін нокаутпен аяқтады. 2017 жылдан бері кәсіби бокста өнер көрсетіп жүрген спортшы осы уақытқа дейін 14 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Соның ішінде 13 жекпе-жекті нокаутпен аяқтады. Бұған дейін Кособуцкий ганалық Абрахам Табулды уақытынан бұрын жеңген болатын. 

 

2100
Кілт сөздер:
видео, нокаут, қазақстандық боксшы
Тақырып бойынша
"Суық хабар жетті": үш қазақстандық балуан жол апатынан қаза болды
Жеңілмеген қазақстандық боксшы журналистің бетіне су шашып жіберді – видео
Видео жарияланды – өзбек боксшы қазақстандықты нокдаунға жіберді
Бірде-бір рет жеңілмеген қазақстандық боксшы желіде видео жариялады
Атырау облысында болашағынан үміт күттірген үш боксшы қаза болды  
Ақорда

Тоқаев Үндістан халқына көңіл айтты

285
(Жаңартылды 14:09 08.08.2020)
Air India Express әуе компаниясының Boeing 737 ұшағы Керала қаласындағы Кожикоде әуежайына қонып жатқан кезде апатқа ұшырады

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиге ұшақ апатына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Керала штатындағы ұшақ апатынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Үндістан үкіметіне, халқына және жеке премьер-министр Нарендра Модиге қайғырып көңіл айтамын", - деп жазды президент Twitter-дегі парақшасында. 

Оқи отырыңыз: Bek Air-ді тексерген мамандар "құпия" мәліметтерді жариялады 

Air India Express әуе компаниясының Boeing 737 ұшағы жұма күні Керала қаласындағы Кожикоде әуежайына қонып жатқан кезде апатқа ұшырады. Соңғы мәліметке сәйкес, 17 адам, оның ішінде екі ұшқыш қаза болды. Экипаждың төрт мүшесі аман қалды, деп хабарлады әуе компаниясы.

Дубайдан келе жатқан ұшақ бортында барлығы 190 адам, оның ішінде 10 бала, екі ұшқыш пен төрт экипаж мүшесі болған.

285
Кілт сөздер:
көңіл айту, ұшақ апаты
Тақырып бойынша
Bek Air жолаушыларға билет ақшасын қайтаратын болды
Өскемен маңындағы ұшақ апатына қатысты тың деректер шықты
Bek Air ұшағының апаты: зардап шеккендерге 94 млн теңге берілді
Қарағанды маңындағы апатта зардап шеккен ұшқыштардың жағдайы белгілі болды
Тәуелсіздік жылдарындағы қайғылы оқиғалар – 9 рет аза тұту күні жарияланды