Спорт

"Канело" ұзақ үзілістен кейін Головкинмен жекпе-жек жайлы мәлімдеме жасады

© AP Photo / Isaac BrekkenГоловкин - Альварес жекпе-жегі
Головкин - Альварес жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сауль Альвареске WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы белбеуі табысталды

АСТАНА, 16 қазан — Sputnik.  Мексикалық боксшы Сауль Альварес (50-1-2, 34 КО) WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы белбеуін табыстау салтанатында өзінің соңғы жекпе-жегін еске түсірді, деп хабарлады Sports.kz. 

Сауль Альварес пен Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
WBC Головкин мен "Канелоның" жекпе-жегіне қатысты маңызды шешім қабылдады

"Головкинмен жекпе-жек менің қазірге дейінгі карьерамдағы ең маңыздысы болды. Бұл алғашқы кезеңнің соңы болды деп есептеймін. Енді менің карьерамда жаңа кезең басталады, ол одан да жақсы, одан да табысты бола түседі", — деді "Канело". 

Естеріңізге сала кетейік, Альварес қазақстандық Геннадий Головкинді (38-1-1, 34 КО) төрешілер шешімімен жеңіп, WBA Super, WBC және IBO әлем чемпионы белбеулерін тартып алған болатын. Олардың алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың қыркүйегінде өтіп, тең аяқталды. Golden Boy Promotions әзірге Головкинмен үшінші жекпе-жекті өткізуді жоспарлап отырған жоқ. 

"Канело" рингке 15 желтоқсан күні оралып, екінші орташа салмақтағы WBA Супер белбеуінің иегері британиялық Роки Филдингпен (27-1, 15 КО) кездеседі.  


Жаңалықтар
0