Спорт

"Головкин "Канелоға" керек". GGG промоутері үшінші жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады

© AP Photo / Isaac BrekkenГоловкин - Альварес
Головкин - Альварес - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Головкин 15 қыркүйекте өткізген соңғы жекпе-жегінде Альварестен жеңіліп қалып, WBA (Super), WBC және IBO чемпиондық титулдарынан айырылған

АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Промоутер Том Леффлердің пікірінше, Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварестің үшінші жекпе-жегі бұрынғы чемпионнан гөрі мексикалық боксшыға көбірек қажет, деп жазады Sports.kz.

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Жаңа әлем чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды
Былғары қолғап шеберлерінің бірінші кездесуі тең аяқталып, екінші жекпе-жекте төрешілердің шешімімен Альварестің мерейі үстем болған.

"Геннадий "Канеломен" күш сынасуға әрқашан дайын. Головкиннің екі рет жеңіске жеткенін білеміз. Мұны үшінші рет қайталауға еш кедергі жоқ. Әрі біздің ойымызша, "Канело" GGG-ге қарағанда,  GGG "Канелоға" көбірек керек, себебі Сауль фанаттарына төрешілердің шешімімен ғана емес, шын жеңіске жеткенін дәлелдеуі тиіс", — дейді Леффер ESPN Deportes басылымына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, бірінші кездесу жақсы өтті, екіншісі одан да асып түсті, ал енді үшінші жекпе-жек тіптен керемет болмақ.

"Ұйымдастыра аламыз ба, көреміз. Golden Boy Promotions президенті Эрик Гомеспен үнемі хабарласып отырдым. Трилогия жасай аламыз ба, уақыт көрсетеді", — деп сөзін түйіндеді Леффлер. 

Еске салсақ, 15 қыркүйекте өткізген соңғы жекпе-жегінде Альварестен жеңіліп қалып, WBA (Super), WBC және IBO чемпиондық титулдарынан айырылды. Барлық белбеу мексикалық боксшыға тапсырылды.

Жаңалықтар
0