Сауль Канело Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі

"Есірткі шегіп алғансың!". Танымал сарапшы Головкинге қандай баға берді?

1616
(Жаңартылды 20:42 26.10.2018)
Танымал журналист Головкинді орта салмақтағы мықты боксшылардың қатарына кірмейді деген жанкүйерді сынға алды

АСТАНА, 26 қазан — Sputnik. ESPN телеарнасының журналисі Дэн Рафаэль твиттерде жанкүйерлердің бірінің қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) жайлы пікіріне жауап берді, деп хабарлайды Sports.kz.

Энтони Тьюр атты қолданушы Сауль Альварестің орта салмақта үздік бестікке кіретін бокшылармен жұдырықтаспағанын мәлімдеп, Головкиннің дивизиондағы мықты боксшылардың қатарында емес екенін тұспалдап жеткізген.

"GGG орта салмақтың үздік бестігіне кірмей ме? Сен есірткі шегіп алғансың!", — деп жауап берді оған Рафаэль.

Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин маусымның соңына дейін WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы болды, дегенмен кейінірек барлық белбеуінен айырылды. Алдымен Халықаралық бокс федерациясы міндетті қорғаудан бас тартқаны үшін IBF атағын қайтарып алды, ал қалған үш белбеуден қазақстандық қыркүйек айында "Канелонмен" рематчтан кейін айырылды – мексикалық төрешілер шешімімен жеңіске жетті. 

 

 

1616
Кілт сөздер:
сарапшы, есірткі, кәсіпқой бокс, Сауль "Канело" Альварес, Геннадий Головкин
Тақырып бойынша
Головкиннің келесі қарсыласы кім болады?
Головкиннің жалақысы белгілі болды
Головкиннің салмағындағы чемпиондық белбеу бос қалды
Альварес келесі кездесуін Головкиннің "екінші үйінде" өткізеді
WBC Головкиннің "Канеломен" үшінші жекпе-жекке қатысты жоспарын жариялады
"Головкин "Канелоға" керек". GGG промоутері үшінші жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады
Қуат Хамитов

Қуат Хамитов ресейлік спортшыны тұншықтыру әдісімен жеңді видео

7918
(Жаңартылды 10:19 26.09.2020)
Хамитов-Боков жекпе-жегінде қазақстандық бірінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіске жетті. Кездесудің толық видеосы жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек – Sputnik. Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов (18-7-1) Мәскеуде өткен Fight Nights Global 98 турниріне қатысты, деп хабарлады Sports.kz.

Хамитов ресейлік файтер Ахмад-Хан Боковпен (5-4) айқасты.

Айта кетейік, жекпе-жек қарсаңында Қуаттың қарсыласы өзгерді: бастапқыда ол басқа ресейлік – Олег Косиновке (7-5) қарсылас болуы керек еді.

Оқи отырыңыз: Қуат Хамитов дау тудырған видеосына қатысты мәлімдеме жасады

Хамитов-Боков жекпе-жегінде қазақстандық бірінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіске жетті. Кездесудің видеосын төменде көруге болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)

Осылайша Қуат Хамитов кәсіби карьерасындағы 19-шы жеңісіне қол жеткізді, ал Ахмад-Хан Боков бесінші мәрте жеңіліске ұшырады. Осыған дейін Хамитов бір жарым жыл бойы жекпе-жекке шықпады.

7918
Кілт сөздер:
аралас жекпе-жек, видео, Қуат Хамитов
Тақырып бойынша
Полиция Қуат "Найман" Хамитов ұсталғанын хабарлады
Қуат Хамитов чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекте жеңіліп қалды
Қуат "Найман" Хамитовтың басы бәлеге қалды
Ішкі істер министрлігі Хамитовтың атышулы видеосына қатысты түсініктеме берді 
Геннадий Головкин

Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

209
(Жаңартылды 12:28 24.09.2020)
Сәуір айында Головкиннің бапкері спортшының 12 қыркүйекте WBA орта салмақтағы чемпионы Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізбейтінін хабарлаған

АЛМАТЫ, 24 қыркүйек – Sputnik. Орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін 21 қарашада өткізеді. Бұл туралы The Athletic тілшісі Майк Коппинджер Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

GGG-дің қарсыласы IBF тұжырымдамасы бойынша міндетті үміткер поляк спортшысы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) болады. Жекпе-жекті DAZN спорттық стриминг қызметі көрсетеді.

Sports.kz сайтының хабарлауынша, Майк Коппинджердің әріптесі Лэнс Пагмайр жекпе-жектің Калифорния штатында Dignity Health Sports Park аренасында өтетінін хабарлады. Сондай-ақ, қазір GGG сол штатта дайындық жүргізіп жатыр.

Оқи отырыңыз: Танымал промоутер Головкин мен Альваресті Жапонияға шақырды

Айта кетейік, сәуір айында Головкиннің бапкері спортшының 12 қыркүйекте WBA орта салмақтағы чемпионы Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізбейтінін хабарлаған еді.

"Канелоның командасы қыркүйек айында жекпе-жек өткізуге шақырды, бірақ мен бас тарттым. Біздің жоспарымыз – Камил Шереметаға қарсы айқас, содан кейін тағы бір жекпе-жек бар", – деді Бэнкс.

209
Кілт сөздер:
Геннадий Головкин, кәсіпқой бокс, спорт
Тақырып бойынша
Геннадий Головкин қазақстандық боксшыларға үндеу жасады
Зал шулап кетті: Головкин жекпе-жектен кейін мәлімдеме жасады
Головкин мен Деревянченконың жекпе-жектен кейінгі жағдайы туралы ақпарат шықты
Геннадий Головкин ұлымен түскен суретін бөлісті
Қазақстан халқы өз жерінде мұндай кешті тамашалауға лайық – Головкин
Телефонмен сөйлесіп тұрған медицина қызметкері

Медициналық көмек көрсететін 18 ұйымның бір жарым мыңнан астам кемшілігі анықталды

0
Мамандар анықталған кемшіліктердің басым көпшілігі жеке төленетін консультациялық-диагностикалық қызметтерді көрсетумен байланысты екенін айтады

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Тұрғындарға көрсетілген медициналық қызметтердің сапасына тексеріс жүргізу нәтижесінде, Түркістан облысында 18 жеткізушінің көрсеткен қызметінен 1 167 түрлі кемшілік анықталды. Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының сарапшылары мәлімдеді.

Қор филиалының медициналық сапасын мониторингтеу бөлімінің басшысы Галима Төреханованың айтуынша, осы күндері мемлекеттік тегін медициналық көмек кепілдігі шеңберінде және МӘМС пакеті бойынша жеткізушілер көрсеткен қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізіліп жатыр.

"Маусым-шілде айының қортындысы бойынша тұрғындарға медициналық көмек көрсету кезінде 18 жеткізушінің көрсеткен қызметі тексеріліп, нәтижесінде 1 167 түрлі кемшілік анықталды. Жалпы, медициналық ұйымдарға салынған айыппұл сомасы 9,6 миллион теңгені құрады", – делінген хабарламада.

Қор өкілдері бүгінгі таңда алдымен жеткізушілер тұрғындарға тиісті   медициналық қызметтерді көрсететінін айтады.

"Көрсетілген қызмет сапасы мен көлеміне қарай қор сарапшылары тарапынан мониторинг жүргізіледі. Егер кемшіліктер анықталмаса, ақысы төленеді, ал кемшіліктері болса тиісті ережелерге сәйкес айыппұл салынады", – дейді Төреханова.

Қандай кемшіліктер жиі кездеседі

Анықталған кемшіліктердің басым көпшілігі жан басына шаққандағы нормативке кірмейтін, жеке төленетін консультациялық-диагностикалық қызметтерді көрсетумен байланысты. Яғни, шілде айында пациенттер қызметтің осы түрін алғандығы ақпараттық жүйелерге енгізілген.

Жалпы, өңірлер арасында кемшілік фактілері Қостанай, Алматы облысы мен Алматы қаласында жиі кездеседі. Ал Павлодар, Жамбыл, Ақмола облысында кемшілік аз анықталған.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда медициналық көмек қалай көрсетіледі – дәрігер жағдайды түсіндірді

Айта кетейік, медициналық сақтандыру қорының ұйымдастырған кері байланысы қоғамдық бақылау жүргізіп, пациенттің құқығын қорғауда және медициналық ұйымдарды тәртіпке келтіруде септігін тигізіп жатыр. Шағым немесе өтініш беру үшін 1406 телефонына немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы хабарласуға болады.

0
Кілт сөздер:
кепілдендірілген тегін медициналық көмек, медициналық сақтандыру
Тақырып бойынша
Сағынтаев: халық әлі сапалы медициналық көмек ала алмай отыр
Сенат Байқоңыр тұрғындарына медициналық көмек көрсету туралы келісімді қабылдады
Тегін медициналық көмек пакеті қайта қаралады
Қазақстандықтар 1 сәуірден МӘСҚ аясында медициналық көмек алады
Назарбаев Сағынтаевқа: медициналық қызмет нашарлап, білім алу қымбаттап барады