Спорт

"Әлі де король". Әлем чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды

© Sputnik / Тимур БатыршинГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық боксшы 2019 жылдың көктемінде Риота Муратамен жекпе-жек өткізуді жоспарлаған еді. Алайда жапониялық жуырда қарсыласынан жеңіліп, Головкиннің жоспарын бұзды

АСТАНА, 26 қазан — Sputnik. Орта салмақтағы WBC әлем чемпионының "уақытша" белбеуінің иегері Джермалл Чарло өзінің дивизионында болып жатқан жағдайларға тоқталып, әлі де Геннадий Головкинмен жұдырықтасқысы келетінін айтты.

Головкин - Альварес жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан
Спорт
Джейкобс Головкин – "Канело" жекпе-жегін қайта көріп, жеңімпазды атады

Өткен демалыста жапониялық боксшы Риота Мурата күтпеген жерден америкалық қарсыласы Роб Бранттан жеңіліп, 2019 жылдың көктемінде Токиода табысты жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырған Головкиннің жоспарын бұзды, деп хабарлайды Sports.kz.

"Роб Брант Муратаны тоқтату арқылы көп нәрсені шатастырып жіберді. Бірақ бәрібір Головкин әлі де менің салмақ дәрежемдегі король. Сол себепті мен онымен жұдырықтасқым келеді", — деді Джермалл.

Тағы оқыңыз:

Естеріңізге сала кетсек, WBC ұйымы титулдың қазіргі иегері Сауль Альвареспен кім жекпе-жек өткізетінін анықтау үшін Чарло мен Головкиннің өзара жұдырықтасуы керек деп шешті. Америкалық 22 желтоқсан күні өзінің отандасы кіші Вилли Монромен жұдырықтаспақ.

Жаңалықтар
0