Спорт

"Астана" Қазақстанның бес дүркін чемпионы атанды

© REUTERS / Gleb Garanich"Астана" ФК, архивтегі фото
Астана ФК, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Футбол клубы чемпионат аяқталғанға дейін төрт матч қалғанда Қазақстан чемпионы атағын жеңіп алды

АСТАНА, 27 қазан — Sputnik. "Астана" футбол клубы бесінші рет Қазақстан чемпионы атанды.

Станимир Стойлов пен Григорий Бабаян (оң жақта) - Sputnik Қазақстан
Спорт
"Астана" футбол клубының бас бапкері тағайындалды

ФК сайты хабарлағандай, Премьер-Лиганың 31-туры аясында "Қайрат" өз алаңында павлодарлық "Ертістен" жеңіліп қалды, осыдан кейін "Астананы" енді ешқандай команда басып оза алмайтыны белгілі болды. 

Осылайша, астаналық клуб чемпионат аяқталғанға дейін төрт матч қалғанда Қазақстан чемпионы атағын жеңіп алды.

Айта кетейік, "Астана" футбол клубы Премьер-Лиганың алтынын бесінші рет қатарынан жеңіп, рекорд орнатты. Бұдан бұрын бірде-бір қазақстандық футбол командасы қатарынан бес маусым үздік бола алмаған.  

Сондай-ақ, елордалық клуб титулдар саны бойынша Қазақстандағы ең үздік клубтардың тізіміне енді.    


Жаңалықтар
0