Илья Ильин

Илья Ильиннің карьерасына қауіп төнді: ол әлем чемпионатына қатыспайды

594
(Жаңартылды 16:10 30.10.2018)
Даңқты қазақстандық ауыр атлет соңғы сәтте денсаулығы сыр бергенін мәлімдеді

АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин денсаулығына байланысты Ашхабадта қараша айында өтетін ауыр атлетикадан әлем чемпионатына қатысудан бас тартты, деп хабарлады SportX.kz. 

"Мен әлем чемпионатына қатыспайтынымды Қазақстан халқына қалай айтсам екен деп көп ойландым. Ақыры осында және қазір жариялауды жөн деп шештім. Омыртқамнан жарақат табылуына байланысты әлем чемпионатына қатыспаймын. Жарақатым айтарлықтай ауыр", — деді Ильин. 

Чемпион тіпті алдағы спорттық карьерасына да қауіп төніп тұрғанын жасырмады. 

"Дегенмен қатты жабығып жүрген жоқпын, барлығы жақсы. Ашхабадқа жаттықтырушы ретінде барамын. Нижат Рахимовты тұғырға шығарамын, өйткені біз онымен бір жыл бойы жұмыс істедік. Зульфия Чиншанломен де бірге жаттықтық. Мен бапкерлерге, өз командама көмектесемін", — деп толықтырды ол.

Илья Ильин жанкүйерлерге бас тартуының себебін түсіндірмей, кетіп қала алмағанын хабарлады. 

"Әлемдік ауыр атлетика менің қатыспайтынымды түсінді. Барлығы таңғалып жатыр. Не айтайын! Екі жыл спортпен айналыспадым. 8-9 айлық дайындық әлем чемпионатына қатысуға аздық етеді. Ол оңай шаруа емес. Жасым болса 30-ға келді, денсаулығым сыр беріп жатыр. Соңғы айда дайындықты үзіп алдым. Ағзаны қалпына келтіруім қажет. Бұл жөнінде басшылықпен сөйлесемін. Мені қайда жіберетінін білмеймін. Дәрігерлердің кеңесін жинаймыз", — деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, осы жылдың қыркүйегінде Илья Ильин спорттан шеттетілгеннен кейінгі алғашқы жүлдесіне қол жеткізді. Ол Талдықорғанда өткен Қазақстан чемпионатын жеңіп алды. Осыдан кейін жаттықтырушылар штабы Ильинді 1 қарашада Ашхабадта басталатын 2018 жылғы әлем чемпионатына қатысуға шақырған еді.

 

594
Кілт сөздер:
әлем чемпионаты, ауыр атлетика, Илья Ильин
Тақырып бойынша
Алексей Ни бәрін қайта бастаған Илья Ильин жайлы пікірін білдірді
Илья Ильин жаттығуда қанша келі көтеріп жүргенін айтты
Ильин: мен бақытты жанмын
Илья Ильин Назарбаевпен болған әңгіме туралы айтты
Илья Ильин неліктен спорттан өмір бойына шеттетілмегені белгілі болды
Архивтегі фото

Қазақстан ескекшілері "Үлкен Мәскеу регатасына" қатысады

16
Ресей ескек есу федерациясы Қазақстан спортшыларының қандай талаптарды орындауы тиіс екенін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Қазақстан спортшылары "Үлкен Мәскеу регатасы-2020" сайысына қатысатынын растады. Ресей ескек есу федерациясының президенті Алексей Свирин Sputnik Қазақстанға ұлттық құраманың ескекшілері өз елінде коронавирусқа тест тапсыратынын айтты.

Жарыс 7-9 тамыз аралығында Крылатское есу каналында өтеді. Үлкен Мәскеу регатасына ресейліктерден бөлек, Қазақстан, Молдова және Беларусь спортшылары қатысады.

"Біз барлық талапты жібердік, жарысқа қатысатындар оны орындауы тиіс. Олар өз елінде тест тапсырады", - деп мәлімдеді Свирин.

Ол шетелдік құрамалардың мүшелері тест тапсырғаннан кейін көп ұзамай Мәскеуге жететініне сенім білдірді.

"Бұл туралы ешқандай сұрақ туындамайды. Барлық құрама Есу каналында, бір жерде тұрады", - деп атап өтті Свирин.  

Сайыстар кезінде ұйымдастырушылар спортшылар мен делегация мүшелерінің денсаулығына күнделікті мониторинг жүргізіп, дене қызуын өлшеп тұрады. Егер күдік болса, шара қолданады.

16
Боксшы қолғабы

Қазақстандық боксшы қарсыласын жойқын соққымен нокаутқа түсірді - видео

1502
(Жаңартылды 11:30 05.08.2020)
2017 жылдан бері кәсіби бокста өнер көрсетіп жүрген спортшы осы уақытқа дейін 14 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Беларусь астанасы Минск қаласында өткен бокс кешінде қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий қарсыласын нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Аса ауыр салмақтағы жекпе-жекте Кособуцкий поляк боксшысы Камила Соколовскимен жұдырықтасты. Он раундқа созылған кездесуде қазақстандық спортшының басымдығы анық байқалды. Бесінші раундта қазақстандық Соколовскиді нокдаунға жіберді. Ал оныншы раундта тағы сұлап түсті. Бірақ бұл жолы аяққа тұра алмады.  

Осылайша, 31 жастағы Жан Кособуцкий кезекті жекпе-жегін нокаутпен аяқтады. 2017 жылдан бері кәсіби бокста өнер көрсетіп жүрген спортшы осы уақытқа дейін 14 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Соның ішінде 13 жекпе-жекті нокаутпен аяқтады. Бұған дейін Кособуцкий ганалық Абрахам Табулды уақытынан бұрын жеңген болатын. 

 

1502
Кілт сөздер:
видео, нокаут, қазақстандық боксшы
Тақырып бойынша
"Суық хабар жетті": үш қазақстандық балуан жол апатынан қаза болды
Жеңілмеген қазақстандық боксшы журналистің бетіне су шашып жіберді – видео
Видео жарияланды – өзбек боксшы қазақстандықты нокдаунға жіберді
Бірде-бір рет жеңілмеген қазақстандық боксшы желіде видео жариялады
Атырау облысында болашағынан үміт күттірген үш боксшы қаза болды  
Архивтегі фото

Ордабасы ауданында коронавирус жұқтырған соңғы науқас жазылып шықты

0
Ауданда коронавирус инфекциясын жұқтырған 158 науқас тіркелген. Оның екеуі қайтыс болды. Қалғаны ауруханадан шыққан

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Түркістан облысында Ордабасы аудандық орталық ауруханасының коронавирус инфекциясын жұқтырғандарға арналған инфекциялық бөлімі қазір бос тұр. Мұнда емделген соңғы науқас ауруынан толық сауығып шыққан.

"Парламент мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев бастаған республикалық "Қоғамдық бақылау" өкілдері аудандық ауруханада болып, жағымды жаңалыққа куә болды", - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ордабасы аудандық орталық ауруханасы 120 мың халыққа қызмет көрсетеді. Ауданда коронавирус инфекциясын жұқтырған 158 науқас тіркелген. Оның ішінде 2 азамат қайтыс болды. Емделушілер толық жазылып шыққан. Пневмония ауруы да азайып, провизорлық госпитальдың төсек-орын саны 40 орынға қысқарған. Қазір аталған індетпен 21 науқас ем қабылдап жатыр.

Оқи отырыңыз: Мамин коронавирус пандемиясының жаңа толқыны туралы айтты 

Аудандық аурухана 9 жасанды тыныс алдыру аппараты және 70-тен астам оттегімен қамту жабдығымен қамтамасыз етілген. Жеке оттегі жеткізу орталығы орнатылған. Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Бір ай бұрын құрылған 17 мобильді топ мыңға жуық науқасқа үйлеріне барып, ем көрсеткен.

"Қоғамдық бақылау" өкілдері аурухананың инфекциялық және провизорлық бөлімдерін аралап, жедел-жәрдем көлігімен және зертхана жағдайымен танысып шықты.  

0
Кілт сөздер:
Ордабасы ауданы, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Маска тақпағандарға 79 мың теңге айыппұл салынады
Қазақстанда коронавирустан қанша адам қайтыс болғаны айтылды
Билік коронавирустан қайтыс болғандардың нақты санын жасырып отыр ма?
Денсаулық сақтау министрі бетперде тағуға қатысты соңғы өзгерісті жариялады
Ақорда бірнеше қылмыстық істің қозғалғаны туралы ақпарат таратты