Андрей Аршавин

"Жылқы еті қанша тұрады?" Аршавин Көк базарда қазақша сөйлеп жүр - видео

827
(Жаңартылды 11:16 06.11.2018)
Көк базардағы сатушы алматылық клуб футболшысының қазақшасын жақсы түсінгенін айтты

АСТАНА, 5 қараша — Sputnik. "Қайрат" клубының жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин Көк базарға барып, сатушылардан қазақ тілінде жылқы етінің бағасын сұрады.

Ресейлік футболшы блогер Евгений Савиннің жаңа видеосына түскен. Желіде роликтің қысқа үзіндісі жарияланды.

Савин мен Аршавин "ең мықты азық-түлік базары" Көк базарға барды. Экскурсияны бастамас бұрын, жігіттер жергілікті тұрғыннан жылқы етінің бағасын қазақ тілінде қалай сұрауға болатынын біліп алды.

Қазақ тіліндегі сұраққа Савиннің тілі келмей, ал футболшы оған көмектесіп әлек. Аршавин сатушыға қазақ тілінде сұрақ қойғанымен, әйелдің жауабын толық түсінбеген сыңайлы.

Желі қолданушылары Андрей Аршавиннің қазақ тілінде жақсы сөйлегенін атап өтіп, шоудың толық нұсқасын асыға күтетіндерін білдірді.

Ресей футбол құрамасының бұрынғы капитаны Андрей Аршавин 2016 жылдан бері "Қайрат" клубында ойнап жүр. Былтыр қарашада футболшы шарт мерзімін тағы бір жылға ұзартқан еді. Алайда биыл спорттық карьерасы мәресіне жетіп қалғанын мойындады.

827
Кілт сөздер:
футболшы, видео, қазақ тілі, Андрей Аршавин, Алматы
Тақырып бойынша
"Әңгіме көбейіп кетті". Аршавин өзі туралы қауесет таратып жүргендерді анықтамақ
Андрей Аршавин "Қайратпен" келісімшартын ұзартты
Аршавин бәсте жеңілген журналистің шашын тақырлап алып тастады
Загрузка...