Спорт

19 жастағы футболшы Гиннесс рекордтар кітабына екі рет енді

Жазылу
Франция футболшысы Мбаппе ПСЖ-дан 55 миллион еуро жалақы және жеке ұшақ сұраған

АСТАНА, 9 қараша — Sputnik. ПСЖ және Франция ұлттық құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе Гиннесс рекордтар кітабына екі рет енді.

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Геннадий Головкин Гиннестің рекордтар кітабына енді

L`Equipe мәліметінше, 19 жастағы форвардтың Гиннесс рекордтар кітабына енуіне бір себеп — Чемпиондар лигасындағы ең жас гол авторы атануы. Ол жартылай финалда "Монако" сапында жүріп "Ювентуске" гол соққан болатын. Ойыншы бұл кезде 18 жаста болды.

Сонымен қатар, Мбаппе – "Алтын допқа" үміткер атанған ең жас номинант. Бұл тізімге ол 2017 жылы 9 қазанда өзінің 18 жасында ілікті, деп жазды prosports.kz.  

CIES Football Observatory зерттеу орталығы бойынша Килиан трансферлік құны 216,5 миллион еуро құрайтын әлемдегі ең қымбат футболшы болып танылды.

Мбаппе ПСЖ-дан 55 миллион еуро жалақы және жеке ұшақ сұраған.


Жаңалықтар
0