Спорт

"Сенбейді". Нурмагомедов өз командасы туралы күтпеген мәлімдеме жасады

© AP Photo / John LocherХабиб Нурмагомедов
Хабиб Нурмагомедов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейлік спортшы Мэйвезерді жеңетініне командаластарының өзі күмәнмен қарайтынын мойындады

АСТАНА, 27 қараша — Sputnik. Ресейлік UFC шеберіХабиб Нурмагомедов Мәскеудегі баспасөз мәслихатында бар сырын ашып, жұртты таңғалдырды, деп хабарлады Sports.kz. 

Атап айтқанда, ол америкалық боксшы кіші Флойд Мэйвезермен өтуі мүмкін жекпе-жекке түсініктеме берді.

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкинге Хабиб немесе Макгрегормен жекпе-жекке шығу ұсынылды

"Мэйвезер ешқашан жеңілмеген: 50 жекпе-жек, 50 жеңіс… Мен бұқаралық ақпарат құралдарын айтпағанда, өз командамдағы кейбір жігіттердің өзі Мэйвезерді жеңетініме күмәнмен қарайтынын білемін. Алай бұл да мені жігерлендіреді", — деді Нурмагомедов.

Естеріңізге сала кетейік, 6 қазан күні Нурмагомедов Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да Конор Макгрегорды жеңіп, жеңіл салмақтағы чемпион атағын қорғап қалды. Бұған дейін осы аренада қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареспен жұдырықтасқан болатын: GGG төрешілер шешімімен алғаш рет жеңіліс тауып, әлем чемпионы белбеулерінен айырылып қалды. 

Жаңалықтар
0