Спорт

Елеусінов кәсіпқой рингте алғашқы титулы үшін қашан жекпе-жекке шығады?

© Photo : Round By Round Boxing Данияр Елеусінов
Данияр Елеусінов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елеусіновтің алғашқы титулдық кездесуі қашан өтетіні белгілі болды

АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. ESPN телеарнасының тілшісі әрі комментаторы Дэн Рафаэль қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің (5-0, 3 KO) келер жылға жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

Данияр Елеусінов, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Спорт
Данияр Елеусінов бесінші қарсыласын да нокаутқа түсірді – видео

Рафаэль Даниярдың промоутері Эдди Хирнға сілтеме жасап айтқандай, алдағы жазда отандасымыз кәсіпқой рингте алғаш рет титул үшін жұдырықтасады.

"Елеусіновтің қарқыны күшті. Сәуір айында кәсіпқой рингке алғаш рет алты раундтық жекпе-жекке шықты. Ал Мохикамен кездесу сегіз раундқа есептелген болатын. Промоутері Эдди Хирн айтқандай, 2019 жылы ол он раундқа ауысады, ал жазда өңірлік титулдар үшін жұдырықтасатын болады", — деп жазды Рафаэль.

Естеріңізге сала кетсек, өткен демалыста Елеусінов Монте-Карлодағы бокс кеші аясында өткен жекпе-жекте никарагуалық Карлос Мохиканы (16-3-2, 12 КО) техникалық нокаутпен жеңді.

Жаңалықтар
0