футбол

Месси мен Роналду "Алтын доптан" құр қалды оларды басып озған кім?

351
(Жаңартылды 18:25 04.12.2018)
Криштиану Роналду мен Лионель Месси 30 үміткердің ішінде үздік бестікке кірді

АСТАНА, 4 желтоқсан — Sputnik. Мадридтік "Реалдың" жартылай қорғаушысы әрі Хорватия құрамасының үздік ойыншысы Лука Модрич "Алтын доп" сыйлығын иеленді.

Мараптатты France Football француз журналы ұсынды. Салтанатты рәсім дүйсенбі күні Франция астанасында өткен, деп жазады Р-Спорт.

Лука Модрич Алтын доптың марапаттау салтанатында
© AFP 2018 /
Лука Модрич "Алтын доптың" марапаттау салтанатында

Атап өтсек, Лука Модрич биыл "Реал" құрамында Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанып, Хорватия командасымен Ресейдегі әлем чемпионатының финалына дейін жетіп, турнирдің үздік ойыншысы болды.

Айтпақшы, 11  жылда алғаш рет аргентиналық футболшы Лионель Месси мен португалиялық Криштиану Роналду "Алтын доптан" құр қалып отыр, олар 2008 жылдан бері әрқайсысы бес рет сыйлық иегері атанған.

30 үміткер ішінде "Алтын доптың" үздік бестігі:

  1. Лука Модрич, ("Реал");
  2. Криштиану Роналду ("Реал"/"Ювентус");
  3. Антуан Гризманн ("Атлетико");
  4. Килиан Мбаппе ("Пари Сен-Жермен");
  5. Лионель Месси ("Барселона").

"Алтын доп" сыйлығын France Football журналы 1956 жылдан бері Еуропаның ең үздік жыл ойыншысына ұсынып келеді.

351
Кілт сөздер:
жүлде, футбол, Месси, Криштиану Роналду
Тақырып бойынша
Қыз зорлады деп айыпталған Криштиану Роналду түсініктеме берді
Месси "Барселонаның" 6000-шы голының авторы атанды
Месси бесінші рет "Алтын бутсы" иегері атанды
Хорватия халқы футболшыларын қалай қарсы алды?
Тарихта алғаш рет: Хорватия құрамасы ӘЧ 2018 финалына өтті
Загрузка...