Спорт

"Мэйвезер — Пакьяо секілді". Головкиннің промоутері трилогияға қатысты жаңалық айтты

© REUTERS / Joe Camporeale-USA TODAY SportsГоловкин - Альварес
Головкин - Альварес - Sputnik Қазақстан
Жазылу

АСТАНА, 8 желтоқсан — Sputnik. Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер No Puedes Jugar Boxeo Youtube каналына берген сұхбатында Сауль Альвареспен үшінші жекпе-жек өткізу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкин - Альварес - Sputnik Қазақстан
Спорт
"Қызықтырмайды". Альварес Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуге қатысты пікір білдірді
Сондай-ақ, Леффлер Головкин DAZN емес, басқа телеарнамен келісімшартқа отырса, не болуы мүмкін екенін айтты. Жуырда "Канело да" осылай жасаған-ды.

"Showtime мен HBO ұйымдастырған Мэйвезер мен Пакьяо жекпе-жегі есіңізде ме? Головкин ESPN арнасымен келісімшартқа отырса, сіздер DAZN-дегі "Канеломен" жұмыс жасайсыздар ма?" — деп сұрады журналист.

Бұл сұраққа Леффлер "Иә" деп жауап беріп, үшінші жекпе-жекті асыға күтіп жүргенін жеткізді.

"Біз жұмыс істейміз. GGG қай ТВ платформамен келісімшартқа отырғанына қарамастан, жанкүйерлер "Канеломен" үшінші жекпе-жектің болғанын қалайды. Сондай-ақ, олардың екеуі де осыны қалап тұр. Егер бұл жекпе-жек бұрынғыдай жанкүйерлер үшін маңызды болса, міндетті түрде өтетіні сөзсіз", — деді ол.

Жаңалықтар
0