Ұшақ

Танымал әнші ұшақ жолаушысының өмірін құтқарып қалды

562
(Жаңартылды 14:34 08.12.2018)
Бойжеткен ұшақ бортында есінен танып құлады, ал әнші оған алғашқы көмек көрсетті

АСТАНА, 8 желтоқсан — Sputnik. Әнші Александр Розенбаум Мәскеу — Симферополь бағытында ұшқан ұшақтағы жолаушыға алғашқы көмек көрсетіп, құтқарып қалды. Бойжеткен ұшақта есінен танып құлаған. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Болған жағдай туралы News Front ақпарат агенттігінің жетекшісі Константин Кнырик айтып берді.

"Эконом класта дәрігер болмаса да, бизнес-кластан мамандығы бойынша медицина қызметкері, көпшіліктің сүйікті орындаушысы — Александр Яковлевич Розенбаум түк болмағандай шығып келе жатты", — деп жазды Кнырик Facebook желісіндегі парақшасында.

Розенбаум жолаушыға жасанды жолмен тыныс алуға көмектеседі. Кейін ұшақ әуежайға қонған соң, бойжеткенді дәрігерлер қарады.
Әншінің өзі бұл жағдай туралы Instagram парақшасында жазып, әрекетін қалыпты жағдай деп түсіндірді.

"Бойжеткен отадан кейін ауруханадан ерте шығып кеткен. Ол ұшаққа кешігіп, қан қысымы қатты көтерілген. Жүрегінде ақау бар болғандықтан, жағдайы кенет нашарлап кетті. Есінен танып құлады. Емдеп, демалып, сөйлесіп, бұдан былай бұл әрекетін қайталамауға уәде берді", — деп жазды Розенбаум.

Александр Розенбаум бірнеше жыл мамандығы бойынша жедел жәрдемде жұмыс істеген. Сондай-ақ, ол әскери-медициналық қызметтің полковнигі.

562
Кілт сөздер:
өмір, көмек, әнші, жолаушы, ұшақ
Тақырып бойынша
Павлодарда бүлдіршін 6-қабаттан құлап кетті: жаяу жүргінші құтқарып қалды
Әкесі жылдамдығының арқасында баласын құтқарып қалды — видео
Жаяу жүргінші жай түсіп жүрегі тоқтаған баланы құтқарып қалды
Өлім аузында жатқан бала бірнеше адамның өмірін құтқарып қалды
БҚО-да 6-сынып оқушысы үш жасар баланың өмірін құтқарып қалды
Қарағандыда екі полицей өртеніп жатқан автобустан 51 адамды құтқарып қалды
Ақтауда 11 жасар оқушы азғыннан қыз баланы құтқарып қалды
Загрузка...