Ильи Ильин

Ильиннің Катардағы турнирде жарысқа неге шықпағаны белгілі болды

2911
(Жаңартылды 14:42 25.12.2018)
Ауыр атлетика федерациясы қазақстандық спортшының алдында Катардағы кубоктан да маңызды жарыстар тұрғанын мәлімдеді

АСТАНА, 22 желтоқсан — Sputnik. Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильинге бапкерлері жарақатының қайта белгі бере бастауына байланысты оған Катардағы кубокта жарысқа шығуына тыйым салды, деп хабарлады ауыр атлетика федерциясындағылар. 

Сенбі, 22 желтоқсан, ауыр атлетикадан әлемнің төрт дүркін чемпионы Ильин 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиадаға жолдама ойнатылып жатқан турнирде жарысқа шықпай қалды. 

"Ем жасалып, қалпына келу процесі болғанымен, жарысқа шығар алдындағы дайындық кезінде омыртқадағы жарық сыр берді. Тәуекелге баруға болушы еді, бірақ денсаулығына зиян келіп,  жарыстарға мүлдем қатыса алмау қаупі болды", — деді ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Юрий Мельников.

Мельников Ильяның алдында бұдан да маңызды жарыстар тұрғанын алға артты. 

Ильин бұған дейін омыртқадағы жарақатына байланысты спорттық карьерасын аяқтауы мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Денсаулығына байланысты ол күзде Түрікменстанда өткен әлем чемпионатына қатыса алмады. Бірақ қазақстандық спортшының Токио Олимпиадасына жолдама алуға әлі мүмкіндігі бар. Ол келесі жылы сәуірде өтетін Азия чемпионатына қатыса алады. 

2911
Кілт сөздер:
олимпиада, жарыс, ауыр атлетика, Илья Ильин
Тақырып бойынша
Ұят! Олимпиада чемпионы Үлкен Алматы көлінде қоқыс тазалады
Төрт дүркін Олимпиада чемпионы қайтыс болды
Илья Ильин Назарбаевпен болған әңгіме туралы айтты
Қазақстанның Олимпиада чемпионы медаль жеңіп алды
Илья Ильин қазақстандықтарға үндеу жасады - видео
"Әдемі аяқтағым келеді": Илья Ильин карьерасы туралы бар шындықты айтты
Архивтегі фото

Қазақстан ескекшілері "Үлкен Мәскеу регатасына" қатысады

28
Ресей ескек есу федерациясы Қазақстан спортшыларының қандай талаптарды орындауы тиіс екенін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Қазақстан спортшылары "Үлкен Мәскеу регатасы-2020" сайысына қатысатынын растады. Ресей ескек есу федерациясының президенті Алексей Свирин Sputnik Қазақстанға ұлттық құраманың ескекшілері өз елінде коронавирусқа тест тапсыратынын айтты.

Жарыс 7-9 тамыз аралығында Крылатское есу каналында өтеді. Үлкен Мәскеу регатасына ресейліктерден бөлек, Қазақстан, Молдова және Беларусь спортшылары қатысады.

"Біз барлық талапты жібердік, жарысқа қатысатындар оны орындауы тиіс. Олар өз елінде тест тапсырады", - деп мәлімдеді Свирин.

Ол шетелдік құрамалардың мүшелері тест тапсырғаннан кейін көп ұзамай Мәскеуге жететініне сенім білдірді.

"Бұл туралы ешқандай сұрақ туындамайды. Барлық құрама Есу каналында, бір жерде тұрады", - деп атап өтті Свирин.  

Сайыстар кезінде ұйымдастырушылар спортшылар мен делегация мүшелерінің денсаулығына күнделікті мониторинг жүргізіп, дене қызуын өлшеп тұрады. Егер күдік болса, шара қолданады.

28
Боксшы қолғабы

Қазақстандық боксшы қарсыласын жойқын соққымен нокаутқа түсірді - видео

2616
(Жаңартылды 11:30 05.08.2020)
2017 жылдан бері кәсіби бокста өнер көрсетіп жүрген спортшы осы уақытқа дейін 14 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Беларусь астанасы Минск қаласында өткен бокс кешінде қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий қарсыласын нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Аса ауыр салмақтағы жекпе-жекте Кособуцкий поляк боксшысы Камила Соколовскимен жұдырықтасты. Он раундқа созылған кездесуде қазақстандық спортшының басымдығы анық байқалды. Бесінші раундта қазақстандық Соколовскиді нокдаунға жіберді. Ал оныншы раундта тағы сұлап түсті. Бірақ бұл жолы аяққа тұра алмады.  

Осылайша, 31 жастағы Жан Кособуцкий кезекті жекпе-жегін нокаутпен аяқтады. 2017 жылдан бері кәсіби бокста өнер көрсетіп жүрген спортшы осы уақытқа дейін 14 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Соның ішінде 13 жекпе-жекті нокаутпен аяқтады. Бұған дейін Кособуцкий ганалық Абрахам Табулды уақытынан бұрын жеңген болатын. 

 

2616
Кілт сөздер:
видео, нокаут, қазақстандық боксшы
Тақырып бойынша
"Суық хабар жетті": үш қазақстандық балуан жол апатынан қаза болды
Жеңілмеген қазақстандық боксшы журналистің бетіне су шашып жіберді – видео
Видео жарияланды – өзбек боксшы қазақстандықты нокдаунға жіберді
Бірде-бір рет жеңілмеген қазақстандық боксшы желіде видео жариялады
Атырау облысында болашағынан үміт күттірген үш боксшы қаза болды  
Евгений Примаков

Россотрудничество жаңа жобаларды қолға алады Примаков

0
Бұл жоғары оқу орындарында оқуға берілетін квоталар ғана емес, өзге де білім жобалары болатыны айтылып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз — Sputnik. Россотрудничество білім саласында жаңа жобаларды қолға алады. Бұл туралы ТМД істері жөніндегі федералды агенттіктің жетекшісі Евгений Примаков айтты.

"Білім саласында тың жобалар болады. Білім халықаралық дамуға қолдау көрсетудің маңызды салаларының бірі. Ресейдің ЖОО-лары беретін білім, әсіресе, ТМД елдерінде бәсекеге қабілетті", - деді ол. 

Оның айтуынша, білім жаңа мүмкіндіктер ашады.

"Көптеген адам үшін шет тілі әлеуметтік және экономикалық мүмкіндік ашатын біліктілік. Бұл дұрыс", - деді Примаков. 

Сондай-ақ, ол алдағы уақытта ресейлік тарап ұсынатын квоталар екі есеге артатынын жеткізді.

0