Спорт

Головкиннің жойқын нокауты 2018 жылдың үздігі деп танылды

© AP Photo / Chris CarlsonГеннадий Головкин Ванеса Мартиросянды нокаутқа түсірді
Геннадий Головкин Ванеса Мартиросянды нокаутқа түсірді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шетелдік басылымдардың бірі 2018 жылғы үздік нокауттарды жариялады

АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. Round 2 аргентиналық басылымы Твиттер желісінде 2018 жылғы кәсіби рингтегі ең қызықты сәттермен бөлісуде, деп хабарлайды Sports.kz.

Басылымның тілшілері 2018 жылдың ең есте қаларлық нокауттарын тізіп жатыр. Олардың қатарына танымал қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) америкалық Ванес Мартиросянды (36-4-1, 21 КО) нокаутқа түсіруі енген.

"Осы жылдың үздік нокауттарын жариялауды жалғастырамыз. "Канеломен" бірінші кездесуінен кейін Геннадий Головкиннің Ванес Мартиросянға қарсы жекпе-жегі", — деп жазады Round 2.

​Естеріңізге сала кетсек, Головкин мамыр айында Мартиросянмен жұдырықтасып, екінші раундта нокаутқа түсірген еді.

Жаңалықтар
0