Геннадий Головкин

Головкин жанкүйерлерін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады

191
(Жаңартылды 10:22 01.01.2019)
Спортшы фанаттарына 2018 жылы қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты

АСТАНА, 31 желтоқсан — Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин жанкүйерлерін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.   

"2018 жылы қолдау көрсеткендеріңіз үшін рахмет. Сізге және отбасыңызға бақыт, сәттілік және амандық тілеймін. Жаңа жыл ырыс әкелсін! Жаңа 2019 жыл құтты болсын!" — деп жазды спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) америкалық Ванес Мартиросянға (36-4-1, 21 КО) қарсы жекпе-жегіндегі нокауты деп танылды.
Continuamos con los nocauts del 2018 y es el turno de Gennady #Golovkin frente a Vanes #Martirosyan, luego de su primer combate contra el #Canelo. pic.twitter.com/PyxjTQBusV

GGG 2018 жылдың 16 қыркүйегінде Сауль "Канело" Альварестен жеңілгеннен кейін барлық титулынан айырылды. Жекпе-жек Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтті.

Головкин жеңілгеніне қарамастан, WBC тұжырымы бойынша аңызға айналған әлем чемпиондарының Топ-10 рейтингінде бұрынғысынша жетінші орынды иеленді.

191
Кілт сөздер:
құттықтау, жаңа жыл, кәсіпқой бокс, Геннадий Головкин, Қазақстан
Тақырып бойынша
Головкиннің бапкері ыңғайсыз жағдайға қалды
Головкиннің "Канелоны" жеңгеніне дәлел жарияланды – видео
"Олар шешпейді". Головкиннің бапкері бүкіләлемдік бокс ұйымына ашуланды
"Геннадий әлі сенбейді". Головкиннің промоутері ескі әңгімені қайта қозғады
Загрузка...