Көкпар ЮНЕСКО-ның мәдени мұралары тізіміне Қырғызстанның атынан енгізілді

Қазандық vs шеңбер: 2019 жылы көкпардан әлем чемпионаты қалай өтеді?

797
(Жаңартылды 08:03 14.01.2019)
Қырғызстанның көкпар федерациясы биыл қарашада Өзбекстанда өтетін көкпардан әлем чемпионатының бұрынғы ереже бойынша өтуін талап етуде

АСТАНА, 11 қаңтар — Sputnik. Биылғы әлем чемпионатының ережелері алдағы уақытта Астанада өтетін конгресте бекітілетін болады. Бұл туралы Халықаралық көкпар федерациясына мүше мемлекеттердің өкілдері айтты.

9 қаңтар күні Ташкен қаласында Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Ауғанстан, АҚШ, Өзбекстан және Ресей өкілдерінің қатысуымен конгресс өтті. Жиын барысында көкпарды дамыту мен географиялық ауқымын кеңейту мәселелері, халықаралық федерациялар миссиясы, сондай-ақ, көшпенділердің дүниежүзілік ойынының маңызы талқыланды.

Халықаралық көкпар федерациясының кезекті жиынында 2019 жылғы әлем чемпионатының қарашада Өзбекстан астанасында өтетіні белгілі болды. Жиын қатысушыларының ортақ шешімі бойынша, әлем чемпионаты ережелерінің қандай болатыны алдағы уақытта Астанада өтетін конгресте нақтыланбақ.

Қырғыз көкпар федерациясы қандай талап қойды?

2016 жылы Астана қаласында түркі тілдес халықтар ассоциациясы құрылып, бірауыздан көкпарды қазандықсыз өткізу шешімі қабылданды. Қазандықтың орнына шеңбер енгізілді. Алайда Қырғызстан Республикасы көкпар федерациясының басшысы және халықаралық федерацияның бас хатшысы Жырғалбек Саматов биылғы чемпионаттың бұрынғы ереже бойынша өтуін талап етуде. Бұл туралы Sputnik Қырғызстан жазды.

"Алдағы күз мезгілінде әлем чемпионаты халықаралық ережелер бойынша өтеді. Біз арнайы келіссөздер жүргізіп, оларды осы ережені қабылдауға шақыратын боламыз. Егер нәтиже болмаса, Қырғызстан ассоциациядан шығады", — деп мәлімдеді Саматов.

Өзбекстан Республикасы "Улок Купкари" федерациясының президенті Бахром Гафуров әлем чемпионаты ережелеріне өзгеріс енгізуге қанша мемлекеттің дауыс беретіні шешіліп жатқанын айтты. Сондай-ақ, ол 9 қаңтардағы жиын барысында көпшіліктің талқысына түсіп, әзірге шешім таппаған мәселе туралы сөз қозғады.

"Конгресс кезінде "Төрт мемлекет қана дауыс бере ме, әлде бұған басқалар да қатыса ма?" деген сауал туындады. Осы талас тудырған мәселені шамамен ақпан-наурыз айларында Астанада өтетін конгреске қалдыруды жөн көрдік. Сол жерде көкпар ойынының ережесіне өзгеріс енгізу және оны енгізуге қанша мемлекеттің дауыс беретіні шешілетін болады", — деді Бахром Гафуров.

Сондай-ақ, Өзбекстандағы көкпар федерациясының президенті жоғарыда айтылғандардың барлығы хаттамаға түскенін, бүгінде көкпарға қатысушы мемлекет санының артып келе жатқанына тоқталды.

Көкпардан қазандықты неге алып тастады?

Моңғолияның көкпар федерациясының басшысы Ром Әуезхан екі жыл бұрын көкпар ережесінің өзгертілуіне не себеп болғанын түсіндіріп, чемпионатқа қатысушы елдерді тату болуға шақырды.

"Көкпар ойындарына көптеген мемлекет қызығушылық танытып отырғандықтан, 2016 жылдың қазан айында қазандыққа тыйым салу туралы шешім қабылдадық. Оның орнына шеңбер ұсынылды. Бұл — бір ғана емес, көптеген мемлекеттің тарапынан түскен ұсыныс. Себебі, қазандық салдарынан ойыншылар ауыр жарақат алып, өмірімен қош айтысуы мүмкін. Сондай-ақ, 8-10 қаңтар күндері өткен конгресс барысында ойын ережесін өзгерткен жоқпыз. Бұл алдағы жиында талқыланатын болады", — деді федерация басшысы Ром Әуезхан.

Мұнымен қатар, ол халықаралық көкпар федерациясына мүше мемлекеттерді бір ортақ шешімге келуге шақырды. Айтуынша, дәл қазір көкпар спортын олимпиада деңгейіне көтеру бірінші орында тұруы тиіс.

Бұдан өзге серкені біреудің қазандығына апарып салудың қате екенін жеткізді. Бұрындары ойыншылар керісінше оны ешкімге бермей, өз ауылдарына алып кететін болған. Ал жеңіліс тапқандары бар болғаны жақсылап шынығып, келесі ойындарға үлкен дайындықпен келген.

"Көкпар атадан балаға беріліп келе жатқан мұра десек те болады. Азияда өмір сүріп жатқан халықтардың оны менікі-сенікі деп таласуы қате. Мақсат-мүддеміз ортақ болғандықтан, бір жағадан бас, бір жеңген қол шығаруымыз керек. Алдағы уақыт талас тудырған мәселенің нүктесін қойып, ортақ шешімге келеміз деген үміттемін. Көкпарға ең мықты қазақ пен қырғыз екеніне ешкімнің дауы жоқ", — дейді ол.

2019 жылы көкпар ережесі қандай болады?

Осы орайда ҚР көкпар федерациясының президенті Мұхтархан Ділдәбеков те әзірге көкпар ережесін қайта өзгертуге қатысты шешім қабылданбағанын айтып өтті. Сондай-ақ, қазандықты шеңберге ауыстырғалы ауыр жарақат алушылардың азайғанына назар аударды. 

"Ташкентте өткен жиында келесі Әлем чемпионаты өзбек елінде өтетіні белгілі болды. Осы жиында келесі конгресті Астанада өткізуді ұсындым. Мұндағы мақсат — әлем чемпионатының өту орны мен мерзімі анықталғанымен, ережеге қатысты дүниеге нүктені келесі жиында қоямыз деп бірауыздан келістік. Бұл ұсынысты қырғыз тарабы да қабыл алды", — деді республикалық көкпар федерациясының президенті Мұхтархан Ділдәбеков.

Тағы оқыңыз:

Айта кетсек, Қазақстан құрамасы былтыр Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жартылай финалда өзбектерден жеңілді. Осыдан кейін ұлттық құрамаға қырғыздардан қорқып, әдейі жеңілді деген сын айтылды. Қазақстанның көкпар федерациясы түсіндіргендей, көшпенділер ойындарына тәжірибе жинау үшін жас көкпаршылар жіберілген. Қазақстан көшпенділер ойындарында жалпы есепте 3-орын алған еді. 

797
Кілт сөздер:
дүниежүзілік көшпенділер ойыны, әлем чемпионаты, көкпар, ереже, даулы мәселе, Қырғызстан, Қазақстан
Тақырып бойынша
Сәтсіз Олимпиада, GGG-"Канело", көкпар дауы: 2018 жылғы спорттағы жеңілістер
Бекболат Тілеухан: қазақстандық жұлдыздар көкпар тартады
Көкпар ЮНЕСКО-ның мәдени мұралары тізіміне Қырғызстанның атынан енгізілді
Америкалықтар көкпар туралы: осы отбасының мүшесі атанғанымыз қандай жақсы!
Қазақстандықтар Астанада көкпар бойынша ӘЧ Ауғанстан командасын ойсырата жеңді
Көкпар ойнаған ковбойлар немесе ұлттық ойынның ережесі қалай өзгереді?
Көкпар ойнап жүрген жігіттер көлікке зақым келтірді
Архивтегі фото

Қазақстан ескекшілері "Үлкен Мәскеу регатасына" қатысады

16
Ресей ескек есу федерациясы Қазақстан спортшыларының қандай талаптарды орындауы тиіс екенін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Қазақстан спортшылары "Үлкен Мәскеу регатасы-2020" сайысына қатысатынын растады. Ресей ескек есу федерациясының президенті Алексей Свирин Sputnik Қазақстанға ұлттық құраманың ескекшілері өз елінде коронавирусқа тест тапсыратынын айтты.

Жарыс 7-9 тамыз аралығында Крылатское есу каналында өтеді. Үлкен Мәскеу регатасына ресейліктерден бөлек, Қазақстан, Молдова және Беларусь спортшылары қатысады.

"Біз барлық талапты жібердік, жарысқа қатысатындар оны орындауы тиіс. Олар өз елінде тест тапсырады", - деп мәлімдеді Свирин.

Ол шетелдік құрамалардың мүшелері тест тапсырғаннан кейін көп ұзамай Мәскеуге жететініне сенім білдірді.

"Бұл туралы ешқандай сұрақ туындамайды. Барлық құрама Есу каналында, бір жерде тұрады", - деп атап өтті Свирин.  

Сайыстар кезінде ұйымдастырушылар спортшылар мен делегация мүшелерінің денсаулығына күнделікті мониторинг жүргізіп, дене қызуын өлшеп тұрады. Егер күдік болса, шара қолданады.

16
Боксшы қолғабы

Қазақстандық боксшы қарсыласын жойқын соққымен нокаутқа түсірді - видео

1504
(Жаңартылды 11:30 05.08.2020)
2017 жылдан бері кәсіби бокста өнер көрсетіп жүрген спортшы осы уақытқа дейін 14 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Беларусь астанасы Минск қаласында өткен бокс кешінде қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий қарсыласын нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Аса ауыр салмақтағы жекпе-жекте Кособуцкий поляк боксшысы Камила Соколовскимен жұдырықтасты. Он раундқа созылған кездесуде қазақстандық спортшының басымдығы анық байқалды. Бесінші раундта қазақстандық Соколовскиді нокдаунға жіберді. Ал оныншы раундта тағы сұлап түсті. Бірақ бұл жолы аяққа тұра алмады.  

Осылайша, 31 жастағы Жан Кособуцкий кезекті жекпе-жегін нокаутпен аяқтады. 2017 жылдан бері кәсіби бокста өнер көрсетіп жүрген спортшы осы уақытқа дейін 14 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Соның ішінде 13 жекпе-жекті нокаутпен аяқтады. Бұған дейін Кособуцкий ганалық Абрахам Табулды уақытынан бұрын жеңген болатын. 

 

1504
Кілт сөздер:
видео, нокаут, қазақстандық боксшы
Тақырып бойынша
"Суық хабар жетті": үш қазақстандық балуан жол апатынан қаза болды
Жеңілмеген қазақстандық боксшы журналистің бетіне су шашып жіберді – видео
Видео жарияланды – өзбек боксшы қазақстандықты нокдаунға жіберді
Бірде-бір рет жеңілмеген қазақстандық боксшы желіде видео жариялады
Атырау облысында болашағынан үміт күттірген үш боксшы қаза болды  
Архивтегі фото

Ордабасы ауданында коронавирус жұқтырған соңғы науқас жазылып шықты

0
Ауданда коронавирус инфекциясын жұқтырған 158 науқас тіркелген. Оның екеуі қайтыс болды. Қалғаны ауруханадан шыққан

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Түркістан облысында Ордабасы аудандық орталық ауруханасының коронавирус инфекциясын жұқтырғандарға арналған инфекциялық бөлімі қазір бос тұр. Мұнда емделген соңғы науқас ауруынан толық сауығып шыққан.

"Парламент мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев бастаған республикалық "Қоғамдық бақылау" өкілдері аудандық ауруханада болып, жағымды жаңалыққа куә болды", - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ордабасы аудандық орталық ауруханасы 120 мың халыққа қызмет көрсетеді. Ауданда коронавирус инфекциясын жұқтырған 158 науқас тіркелген. Оның ішінде 2 азамат қайтыс болды. Емделушілер толық жазылып шыққан. Пневмония ауруы да азайып, провизорлық госпитальдың төсек-орын саны 40 орынға қысқарған. Қазір аталған індетпен 21 науқас ем қабылдап жатыр.

Оқи отырыңыз: Мамин коронавирус пандемиясының жаңа толқыны туралы айтты 

Аудандық аурухана 9 жасанды тыныс алдыру аппараты және 70-тен астам оттегімен қамту жабдығымен қамтамасыз етілген. Жеке оттегі жеткізу орталығы орнатылған. Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Бір ай бұрын құрылған 17 мобильді топ мыңға жуық науқасқа үйлеріне барып, ем көрсеткен.

"Қоғамдық бақылау" өкілдері аурухананың инфекциялық және провизорлық бөлімдерін аралап, жедел-жәрдем көлігімен және зертхана жағдайымен танысып шықты.  

0
Кілт сөздер:
Ордабасы ауданы, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Маска тақпағандарға 79 мың теңге айыппұл салынады
Қазақстанда коронавирустан қанша адам қайтыс болғаны айтылды
Билік коронавирустан қайтыс болғандардың нақты санын жасырып отыр ма?
Денсаулық сақтау министрі бетперде тағуға қатысты соңғы өзгерісті жариялады
Ақорда бірнеше қылмыстық істің қозғалғаны туралы ақпарат таратты