Бокс

20 жастағы қазақ боксшысы қарсыласын нокаутқа түсіріп, әлем чемпионы атанды видео

9485
(Жаңартылды 19:32 29.01.2019)
Қазақстандық спортшы жетінші жекпе-жегін де мерзімнен бұрын аяқтады

АСТАНА, 27 қаңтар — Sputnik. Канаданың Монреаль қаласындағы Montreal Casino ойын-сауық орталығында бокс кеші өтті. Аталған кеште қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов шаршы алаңға шықты, деп хабарлады Sports.kz.

20 жастағы қазақстандық боксшы кәсіпқой рингтегі жетінші кездесуін өткізді. Оның қарсыласы мексикалық Абрахам Хуарес болды. Бұл жекпе-жек он раундқа жоспарланды. Жеңіске жеткен адам WBC нұсқасы бойынша бірінші орта салмақтағы "жастар" әлем чемпионы белбеуін иеленетін-ді.

 Садриддин кәсіпқой бокстағы алғашқы титулдық жекпе-жегінде қарсыласын екі рет нокдаунға жіберіп, төртінші раундта мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Төрешіге кездесуді тоқтатуға тура келді. Ол осы уақытқа дейін жеті жекпе-жек өткізіп, бәрін мерзімінен бұрын аяқтады. 

 

9485
Кілт сөздер:
бокс кеші, жеңіс, чемпион, қазақ боксшысы, бокс, Канада
Тақырып бойынша
Танымал боксшы алғаш рет жеңіліс тапты – видео
Қазақстандық боксшы мексикалықты 82 секундта нокаутқа жіберді – видео
Қанат Ислам жарақат алып қалды: боксшы рингке қашан оралатынын айтты
21 жастағы қазақ боксшы америкалықты жеңіп, WBC белбеуін иеленді
Головкинмен жұдырықтасқан боксшы допинг-тесті "алдағанын" мойындады
Аңыз боксшы Леннокс Льюис GGG мен "Канелоның" үшінші жекпе-жегін болжады
Загрузка...