Головкин - Альварес

"Үшінші жекпе-жек өтеді": Альварестің промоутері ешкім күтпеген мәлімдеме жасады

3685
(Жаңартылды 11:50 28.01.2019)
Бірнеше апта бұрын "Канело" өкілдері Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізу келіссөздерінің басталғаны туралы мәлімдеген-ді. Алайда кейін Оскар де ла Хойя оның мамыр айында басқа спортшымен жұдырықтасатынын жеткізді

АСТАНА, 27 қаңтар — Sputnik. Мексикалық боксшы Сауль Альварестің промоутері Оскар Де ла Хойя Хьюстонда өткен бокс кешінде рингке шығып, "Канело" мен қазақстандық Геннадий Головкин арасында үшінші жекпе-жектің өткізілуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.

"Үшінші кездесудің өтетініне күмән жоқ. "Канело" тек мықтылармен жұдырықтасқысы келеді. Үшінші жекпе-жекте оны (Головкинді — Sports.kz) нокаутқа жіберетініне сенімдімін", — деп мәлімдеді Оскар де ла Хойя.

Бірнеше апта бұрын Де ла Хойя Головкинмен мамыр айында жекпе-жек өткізуге қатысты келіссөздердің басталғанын мәлімдеген-ді. Алайда кейін "Канелоның" өкілдері оның 4 мамыр күні Дэниэл Джейкобспен шаршы алаңда жұдырықтасатынын жеткізді. Бұл жекпе-жектің қайда болатыны қаңтар айының соңында Невада штатының Атлетикалық комиссиясының отырысында белгілі болады.

Қазақстандық Геннадий Головкин осы жылдың сәуір-мамыр айларында шаршы алаңға оралады деп жоспарланып отыр.

3685
Кілт сөздер:
промоутер, бокс кеші, спортшы, жекпе-жек, бокс, Сауль "Канело" Альварес, Геннадий Головкин
Тақырып бойынша
Қазақстандық әлем чемпионы "Канело" мен Джейкобсты жекпе-жекке шақырды
"Головкин – "Канело" жекпе-жегі: 3-ші кездесудің күні мен өтетін орны жарияланды
"Комиссия, промоутер, "Канело" мен WBC": Головкинге қарсы кімдердің сөзбайласқаны айтылды
"Бұрынғы беделін қайтара ала ма?" Головкин - "Канело" үшінші жекпе-жегіне болжам жасалды
Сәтсіз Олимпиада, GGG-"Канело", көкпар дауы: 2018 жылғы спорттағы жеңілістер
"Алдымда үлкен сынақ тұр". "Канело" Головкинмен үшінші жекпе-жегі туралы айтты
Тарихта болмаған: "Канело" допинг-тестен өтпегені әшкере болды
Загрузка...