Портфель

"Бар күшімді саламын" Айбек Нұғымаров басшылық қызметке тағайындалды

748
(Жаңартылды 21:07 31.01.2019)
Жаңа қызметті балуанға ШҚО әкімі Даниал Ахметов ұсынған

АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Белгілі балуан Айбек Нұғымаров Семейдегі көлік колледжінің директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің бұйрығымен Айбек Нұғымаров Семейдегі көлік колледжінің директоры болып тағайындалды. Бұл жаңалықты Sputnik Қазақстан тілшісіне балуанның өзі растады.

"Облыс әкімі Даниал Ахметовтің өзі ұсынды. Тағы бір колледжде бауырым директор еді. Сонда ІТ-технология бойынша жаңа жобалар әзірлеп, енгізген болатынбыз. Облыс әкімі соны көріп, осы колледжге мені тағайындады", - деді қуанышты жаңалығымен бөліскен ол.

"Қазақстан барысы" қазақ күресімен хобби ретінде айналыса бастағанын, ал негізгі мамандығы педагог әрі заңгер екенін атап өтті.

"Облыс басшылығы маған сенім артып, жауапты қызметке тағайындап отыр. Менің басты мақсатым – сол сенімді ақтап, колледжді алдыңғы қатарлы оқу орындарының қатарына қосу. Осы жолда бар күшімді салып еңбек етемін", - деді Нұғымаров.

Айта кетсек, Айбек Нұғымаров – 2013 жылғы "Қазақстан барысы", екі дүркін "Әлем барысы". Ауыр салмақ дәрежесінде халықаралық санаттағы спорт шебері.

748
Тақырып бойынша
Қазақстандық балуан екі ұшақпен күш сынасты - видео
Үш дүркін "Қазақстан барысы" атанған балуан биыл жарысқа қатыспайды
Загрузка...