Спорт

Әуе апатына ұшыраған танымал футболшы өлер алдында хат жазып қалдырған

© AFP 2024 / LOIC VENANCEФотография с изображением футболиста Эмилиано Сала
Фотография с изображением футболиста Эмилиано Сала  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құтқарушылар қаңтар айында радардан жоғалып кеткен әуе кемесінің сынықтары арасынан футболшы Эмилиано Саланың денесін алып шықты

АСТАНА, 8 ақпан — Sputnik. Жоғалып кеткен аргентиналық футболшы Эмилиано Саланың мәйіті батып кеткен ұшақтан шығарылып, Британияның Портленд қаласына жеткізілді.

Ақпаратты Дорсет графтығының полициясы растады, деп хабарлады Р-спорт. Трагедияны тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Ұшақтың өзі дүйсенбі күні табылған.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Emiliano Sala (@emilianosala9)

Эмилиано Сала мен ұшқыш отырған жеңіл қозғалтқышты ұшақ 22 қаңтарға қараған түні радардан жоғалып кеткен. Әуеде спортшы ұшақ құлайын деп жатқанын және қатты қорқып отырғанын жазған.

доп - Sputnik Қазақстан
Әлем
Жас футболшы көшеден өлі табылды
1990 жылы туған Сала бұған дейін Францияның "Нант" футбол клубында ойнаған, қаңтарда "Кардифф" футбол клубына ауысып, Ұлыбританияға ұшып шыққан беті екен.

Полиция бортта аман қалу мүмкін емес екенін айтып, әуе кемесін іздестіруді тоқтатқан. Іздестіру-құтқару операциясы қайырымды жандардың қаржысымен жалғасын тапты. Олардың арасында "Париж-Сен-Жермен" шабуылшысы Килиан Мбаппе мен "Марсель" жартылай қорғаушысы Димитри Пайет болды.

Ұшақ Ла-Манш бұғазының түбінен табылды.   

Жаңалықтар
0