Спорт

Қазақстандық кәсіпқой боксшы WBA рейтингінде бірінші орынға көтерілді

CC0 / / Боксерские перчатки
Боксерские перчатки - Sputnik Қазақстан
Жазылу
 Фируза Шәріпова келесі чемпиондық белбеуге міндетті үміткер атанды 

АЛМАТЫ, 15 ақпан— Sputnik. Кәсіпқой бокстан жеңіл және екінші жартылай жеңіл салмақ дәрежелері бойынша әлем чемпионы Фируза Шәріпова Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) рейтингісінде көш бастап, тағы бір чемпиондық белбеуге міндетті үміткер атанды.

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Геннадий Головкин чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекке шығудан бас тартты
Фируза Шәріпова ирландиялық Кэти Тэйлорды жеңсе, кезекті белбеуге қол жеткізеді. Жекпе-жектің өтетін күні мен орны кейінірек анықталады.  

Қазіргі таңда Фируза Шәріпова WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Ева Вальстремге қарсы жекпе-жегіне дайындалып жатыр, деп жазды sports.kz.

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы кәсіпқой бокстағы ең көне халықаралық қауымдастық саналады. Әр жылдары WBA тұжырымы бойынша Майк Тайсон, Мұхаммед Әли, Геннадий Головкин және тағы әлемдік бокс жұлдыздары чемпион болды.

 

Жаңалықтар
0