Жәнібек Әлімханұлы, архивтегі фото

Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық белбеуге таласуға дайын екенін мәлімдеді  

1615
(Жаңартылды 15:04 17.02.2019)
Қазақстандық боксшы 10 немесе 12 раунд бойы жұдырықтаса алатынын атап өтті

АСТАНА, 17 ақпан — Sputnik. Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық титул үшін жұдырықтасуды жоспарлап жүр.  

"Келесі жекпе-жегімді күтіп отырмын. Егер титулдық жекпе-жек өткізсем, керемет болмақ. Мен он немесе он екі раундқа дайынмын", —   деп жазды Әлімханұлы Instagram-дағы парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от JANIBEK ALIMKHANULY (@janibek_alimkhanuly)

Жәнібек өзінің соңғы жекпе-жегін 2 ақпанда өткізіп, америкалық боксшы Стивен Мартинесті бесінші раундта техникалық нокаутпен ұтты, деп хабарлайды Sports.kz.

Сонымен қатар, қазақстандық әзірге10 раундтық немесе 12 раундтық кездесу өткізген жоқ, соңғы екі жекпе-жегі сегіз раундқа есептелген еді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от JANIBEK ALIMKHANULY (@janibek_alimkhanuly)

Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы қазіргі әлем чемпиондары – Сауль "Канело" Альварес, Дэниэл Джейкобс және Деметриус Андраденің фотосуреттерін жариялап, "барлық белбеуді жинап алуға баратынын" айтып сес көрсеткен болатын.    
 

1615
Кілт сөздер:
чемпиондық титул, кәсіпқой бокс, Жәнібек Әлімханұлы
Тақырып бойынша
"Бұл – басы ғана": Әлімханұлы айшықты жеңісінен кейін маңызды мәлімдеме жасады
Жәнібек Әлімханұлы америкалықты жеңді – видео
Әлімханұлы америкалық боксшыны нокдаун және нокаутпен жеңді - кездесудің толық видеосы
Қазақстандық әлем чемпионы "Канело" мен Джейкобсты жекпе-жекке шақырды
Загрузка...