Автомобиль скорой помощи

Қарсыласын жеңген қазақ жігітінің не себепті ауруханаға түскені белгілі болды

2678
Этникалық қазақ испаниялық қарсыласын төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді

АСТАНА, 24 ақпан – Sputnik. UFC Fight Night 145 турнирінде жұмыс істеген бразилиялық Globo және SporTV телеарналарының журналисі Хелена Ребелло этникалық қазақ Дамир Ысмағұловтың жекпе-жектен кейінгі жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

UFC Fight Night 145 турнирі Чехияның Прага қаласында өткен болатын. Этникалық қазақ Дамир Ысмағұловтың бұл жолғы қарсыласы испаниялық Хоэль Альварес болды.

Қазақ жігіті Альваресті төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді, алайда жекпе-жектен кейін Дамирді ауруханаға алып кетті.

"Ысмағұлов журналистерге сұқбат берген жоқ. Оны бірден ауруханаға алып кетті. Қолын сындырды деген сыбыс бар. UFC спортшылар туралы медициналық ақпаратты растамайтынын мәлімдеп отыр", - деп жазды Ребелло Твиттердегі парақшасында.

2678
Кілт сөздер:
аурухана, жеңіс, жекпе-жек
Тақырып бойынша
Ибрагим Ескендір қарсыласын нокаутқа түсіріп, чемпиондық белбеуді иеленді
"Канело" Головкиннен кейінгі қарсыласын нокаутқа жіберді – толық видео
Головкинмен салыстырылған чемпион 51 секундта ауыр нокаутқа түсті – видео
Жанкүйерлер тарихтағы ең жылдам нокаутқа куә болды
Қазақстанда туған әлем чемпионы қарсыласын қас қағым сәтте нокаутқа түсірді – видео
Қазақстандық боксшы мексикалықты 82 секундта нокаутқа жіберді – видео
20 жастағы қазақ боксшысы қарсыласын нокаутқа түсіріп, әлем чемпионы атанды — видео
Загрузка...