Дмитрий Баландин

Баландин Словенияда екі алтын медаль жеңіп алды

140
Бірінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылар 11 медаль жеңіп алды

АСТАНА, 10 наурыз — Sputnik. Қазақстандық жүзуші Дмитрий Баландин Словенияда өтіп жатқан халықаралық турнирде екі алтын медаль жеңіп алды. Олимпиада чемпионы 50 және 200 метрге брасс әдісімен жүзуден қарсыластарын басып озды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасай отырып.

Сондай-ақ еркін әдіспен 50 метрге жүзген Александр Варакин де тұғыр бигінен көрінді. Осы бағдарламада Әділ Қасқабай үздік үштікке енген. 

"Аделаида Пчелинцева 50 метрге брасс әдісімен жүзуде жеңімпаз атанса, Әділбек Мусин 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден екінші орын иеленді. Диана Назарова 100 метрге шалқалап жүзуден алтын иеленсе, Алина Костенко 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден қола жүлдегер атанды", - деп хабарлайды комитет.

Әділ Қасқабай, Әділбек Мусин, Артур Шагинян, Ален Охотинский төрттігі эстафетада алтын алса, қыздар командасы екінші орыннан көрінді. 

Айта кетсек, Словенияда жүзуден әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарына іріктеу санатына жататын халықаралық турнир өтіп жатыр.

140
Тақырып бойынша
"Ішіміз күйіп барады!" Әбден ашынған аналар алтын алқаларынан бас тартты
Месси мен Роналду "Алтын доптан" құр қалды – оларды басып озған кім?
Қазақстанның атақты шаңғышысы Еуропадағы жарыста алтын жүлде иеленді
Қазақстан тарихта алғаш рет парадзюдодан алтын жеңіп алды
Загрузка...