Штанга, тяжелая атлетика

Қазақстандық зілтемірші әлем рекордын жаңартып, чемпион болды

649
Ол жұлқа көтеруде 127 келіні, серпе көтеруде 161 келіні еңсеріп, қоссайыс қорытындысы бойынша 288 келіні көтерді

АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық зілтемірші жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитеті.

67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Сайхан Тайсуев әлем рекордын жаңартып, чемпиондық атаққа ие болды.

"Ол жұлқа көтеруде 127 келіні, серпе көтеруде 161 келіні еңсеріп, қоссайыс қорытындысы бойынша 288 келіні көтерді. Бұл оған өз қатарластары арасында әлем чемпионы атануға мүмкіндік берді", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар қазақстандық зілтемірші серпе және жұлқа көтеруден кіші алтын жүлдені де өз еншісінде қалдырды. Ол серпе көтеруден жасөспірімдер арасындағы әлем рекордын жаңартты. Бұл Қазақстан спортшыларының әлемдік сындағы екінші алтын медалі.

Айта кетейік, кеше 61 келіге дейінгі салмақта Ақмолда Сайрамкез топ жарды.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасын белгілі ауыр атлет Бақыт Ахметов жаттықтырады.

 

649
Кілт сөздер:
АҚШ, рекорд, зілтемірші
Тақырып бойынша
26 миллион лайк: жұмыртқаның суреті Instagram рекордын жаңартты
Ақтөбеліктер Гиннес рекордын орнатты
Қазақ жігіті рекорд орнату үшін үш тәулік ұйықтамады
Қазақстандық "калькулятор қыз" әлемдік рекорд орнатты
Қазақстандық алып күш иесі бірнеше әлемдік рекорд орнатқысы келеді - видео
Загрузка...