Сегізбұрын

Ресейлік қазақ қарсыласын 100 секунд ішінде нокаутқа жіберді видео

1921
(Жаңартылды 21:04 12.03.2019)
Ілияс Хамзин кәсіпқой карьерасындағы екінші жеңісіне қол жеткізді

АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Ресейдің намысын қорғайтын этникалық қазақ Ілияс Хамзин ММА-дағы үшінші жекпе-жегін өткізді.

Ол Екатеринбургте (Ресей) өткен аралас жекпе-жектен RCC Intro 3 турниріне қатысты. Оған жергілікті спортшы Олег Найденов (1-1) қарсылас болды. Жекпе-жек жылдам аяқталды – Хамзин 100 секунд ішінде қарсыласын нокаутқа түсірді. Ол сол аяғымен Найденовтың бауырынан теуіп, соққының астына алып еді, төреші араласып, жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша қазақ техникалық нокаутпен жеңіске жетті.  

Хамзин кәсіпқой карьерасындағы екінші жеңісіне қол жеткізді, ал Найденов екінші рет жеңіліп отыр, деп хабарлады Sports.kz.

Айта кетейік, Ілияс ММА-дағы алғашқы жекпе-жегін өткен жылдың қыркүйегінде өткізді.  

1921
Кілт сөздер:
қазақ, аралас жекпе-жек, ММА
Тақырып бойынша
Қазақстандық боксшы мексикалықты 82 секундта нокаутқа жіберді – видео
Ибрагим Ескендір қарсыласын нокаутқа түсіріп, чемпиондық белбеуді иеленді
Қазақстанда туған әлем чемпионы қарсыласын қас қағым сәтте нокаутқа түсірді – видео
20 жастағы қазақ боксшысы қарсыласын нокаутқа түсіріп, әлем чемпионы атанды — видео
Загрузка...