Бокс рингі

Қарсыласын мазақ етіп тұрған боксшы жойқын нокаутқа түсіп қалды видео  

4235
Британиялық боксшы ұпай санымен жеңуге титтей де мүмкіндігі болмаса да, чемпион атанды

НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз — Sputnik. Сабри Седири мен Сэм Максвелл бос тұрған WBO чемпионы титулы үшін жұдырықтасты. Жеңіл салмақтағы боксшылардың жекпе-жегінде күтпеген оқиға болды. Осы сәттің видеосын BT Sport  Twitter-аккаунтында жариялады.

Седири ұпай санымен ұтып тұрған, алайда жекпе-жектің соңына жарты минут қалғанда ол бокстасуды қойып, қарсыласын келемеждей бастайды.

Седири осы әрекеті үшін сазайын тартты. Жекпе-жектің аяқталуына 10 секунд қалғанда ол Максвелдің жойқын соққысын өткізіп алып, ауыр нокаутқа түсіп қалды. 

​Осылайша британиялық боксшы ұпай санымен жеңіске жетуге титтей де мүмкіндігі болмаса да, чемпион атанды.

4235
Кілт сөздер:
видео, нокаут, кәсіпқой бокс
Тақырып бойынша
UFC файтері 38 секундта нокаутқа түсті, алайда соңында күтпеген оқиға болды – видео
26 жастағы қазақ боксшысы тағы да қарсыласын сұлатып салды – видео  
ММА файтері рингте жеңісін тойлап жатқанда күтпеген оқиға болды – видео
Сатушы қыздың дүкендегі нокауты жұртты таңғалдырды – видео  
Ниндзя стиліндегі ерекше жекпе-жектің видеосы – көрермен мұндайды күтпеді  
Загрузка...