Бокс қолғабы

Қазақстанның вице-чемпионы қытайды жойқын нокаутқа түсірді видео  

2402
(Жаңартылды 18:09 06.04.2019)
 Сұлтан Зауырбек кәсіпқой рингте бірде-бір рет жеңілмеген, алты жекпе-жектің төртеуін нокаутпен ұтқан

НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір – Sputnik. Қазақстандық боксшы Сұлтан Зауырбек (5-0, 3 КО) өзінің кәсіпқой карьерасындағы алтыншы жекпе-жегін өткізіп, тағы бір жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлады Sports.kz.

 22 жастағы қазақстандық Дубайдағы (БАӘ) Emirates Golf Club ойын-сауық кешенінде шаршы алаңға шықты. Оның алты раундтық жекпе-жектегі қарсыласы қытайлық боксшы Чэн Хун Тао (7-5-1, 5 КО) болды. Зауырбек бесінші раундта жойқын соққы жасап, нокаутпен жеңді. Қарсыласы бірден ес жия алмады.

Сұлтан кәсіпқой рингте бірде-бір рет жеңілмеген, алты жекпе-жектің төртеуін нокаутпен ұтып отыр.

Айта кетейік, Зауырбек MTK Global промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасасқан, бұл компанияның клиенттері қатарында белгілі британдық былғары қолғап шеберлері – Билли Джо Сондерс пен Тайсон Фьюри бар. Зауырбек кәсіби боксқа ауысқанға дейін 2014 жылғы жастар әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған.

2402
Кілт сөздер:
нокаут, видео, кәсіпқой бокс
Тақырып бойынша
Қарсыласын мазақ етіп тұрған боксшы жойқын нокаутқа түсіп қалды – видео  
Данияр Елеусіновтің туған ағасы қарсыласын 10 секундта сұлатты – видео
2018 жылдың қорытындысы бойынша ең үздік нокауттың авторы анықталды – видео
Садриддин Ахмедов ұлтына қатысты сұрақтың нүктесін қойды
UFC файтері 38 секундта нокаутқа түсті, алайда соңында күтпеген оқиға болды – видео
Қазақстандық боксшы жекпе-жектен кейін ауруханадан бір-ақ шықты
26 жастағы қазақ боксшысы тағы да қарсыласын сұлатып салды – видео  
Загрузка...