Илья Ильин

Ильиннің жаттығудан жариялаған суреті жанкүйерлерін алаңдатып қойды - фото

1129
Қатты арықтап кеткен Илья Ильин жанкүйерлерін абыржытып қойды

АЛМАТЫ, 15 сәуір — Sputnik. Зілтемірші Илья Ильиннің желідегі суретін көрген жанкүйерлері қатты алаңдаушылық білдіріп жатыр.

Илья Ильин алдағы чемпионатқа дайындалып жатқанын жазып, Instagram парақшасына жаттығу залынан суреттерін жариялады. Суреттерден зілтеміршінің қатты салмақ тастағаны анық байқалады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ILYA ILYIN (@ilyailyinforever)

Мұны желідегі қауым да аңғарып, өз алаңдаушылығын білдіріп, пікір жазып жатыр.

"Қатты жүдеп кетіпсің", "Илья, неге өйттің?", "Не болды саған?", "Бәрібір жеңесің, сен біздің мақтанышымызсың", "96 келіге түсіп ең, тым арық боп кеттің" деп жазып жатыр желідегі спортшының жанкүйерлері.

Спортшы 20-28 сәуір аралығында Қытайдың Нинбо қаласында өтетін додада бақ сынамақ. Бұған дейін 105 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Илья Ильин алдағы Азия чемпионатындағы додаға 96 келіде шығу жоспары бар екен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ILYA ILYIN (@ilyailyinforever)

Айта кетсек, ауыр атлетикадан әлемнің 4 дүркін чемпионы Илья Ильин былтырғы жылдың соңында Дохада өткен Олимпиада-2020 лицензиялық турнирінде ең ауыр салмаққа тапсырыс беріп, бірақ тұғырға шықпай қалды. Өйткені дәрігерлер спортшының омыртқасындағы зақым әлі жазылмағанын айтқан. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ILYA ILYIN (@ilyailyinforever)

Ильин бұған дейін омыртқадағы жарақатына байланысты спорттық карьерасын аяқтауы мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Денсаулығына байланысты ол былтыр күзде Түрікменстанда өткен әлем чемпионатына қатыса алмады. Бірақ қазақстандық спортшының Токио Олимпиадасына жолдама алуға әлі мүмкіндігі бар. Ол 20-28 сәуір аралығында Қытайда өтетін Азия чемпионатына дайындалып жатыр. 

1129
Кілт сөздер:
фото, Илья Ильин
Тақырып бойынша
Илья Ильин қазақстандықтарға үндеу жасады - видео
Ильин: мен бақытты жанмын
"Мен оралдым". Илья Ильин допинг дауынан кейін алғашқы алтынын алды
Илья Ильин: Денисті әлі жоқтап жүрмін
Алексей Ни бәрін қайта бастаған Илья Ильин жайлы пікірін білдірді
Катарда жарысқа шықпай қалған Илья Ильин мәлімдеме жасады
"Әдемі аяқтағым келеді": Илья Ильин карьерасы туралы бар шындықты айтты
Илья Ильин Назарбаевпен болған әңгіме туралы айтты
Загрузка...