Головкин - Альварес жекпе-жегі

Головкиннің келесі қарсыласы бірде-бір рет жеңілмеген - ресми ақпарат

777
Қазақстандық боксшы 8 маусым күні Madison Square Garden шаршы алаңында Стив Роллспен кездеседі

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір — Sputnik. DAZN стримингтік платформасы орташа салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің жекпе-жегін ресми түрде хабарлады.

Кездесу 8 маусым күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden- де өтеді, деп хабарлайды Sports.kz. Головкин шаршы алаңда 35 жастағы канадалық Стив Роллспен кездеседі. Ол 19 жекпе-жекке шығып, 10-нда қарсыласын нокаутпен жеңген.

Жекпе-жек 164 фунт салмақ дәрежесінде өтеді. Бұған дейін Головкин тек 160 фунтта жұдырықтасқан болатын.

Еске сала кетсек, 2018 жылдың 15 қыркүйегінде жерлесіміз кәсіпқой бокста алғаш рет жеңілді. Төрешілер шешімі бойынша Саул "Канело" Альварес (51-1-2, 34 КО) Головкиннен басым түсті. Мексикалық боксшы 51 кездесу өткізіп, 34-ін нокаутпен жеңген.

4 мамыр күні "Канело" Дэниэл Джейкобспен (35-2, 29 КО) кездеседі. Егер ол Джейкобсты, ал Головкин Роллсты жеңсе, қыркүйек айында GGG мен Альварестің үшінші кездесуі өтуі мүмкін.

777
Кілт сөздер:
жекпе-жек, кәсіпқой бокс, бокс, Геннадий Головкин
Тақырып бойынша
Руслан Мадиев: Головкинді ағамдай көрдім, оның істеп жатқаны мынау
"Өзін-өзі шыңдаған боксшы": Рамзан Қадыров Головкинді ерекше құрметтейтінін айтты
Головкин жеңілмеген боксшы мен бұрынғы әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды
"Артаевқа жол берген..." Геннадий Головкин туралы қызықты деректер
Головкиннің әр соққысына 14,6 миллион теңгеден төленгені белгілі болды   
Загрузка...