джиу-джитсу

12 жастағы қазақ қызы джиу-джитсудан екі дүркін әлем чемпионы атанды

212
Жас спортшы Нұр-Сұлтан қаласында жаттығады

НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір – Sputnik. БАЭ астанасы Абу-Даби қаласында өткен Abu-"Dhabi World Jiu-Jitsu Championship-2019"жарысында 12 жастағы қазақ спортшысы Жібек Құлымбетова бразилиялық джиу-джитсудан екі дүркін әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ол халықаралық жарыста 32 салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен. Жас спортшы жеңіске қалай жеткенін өзінің Instagram желісіндегі жеке парақшасында жазды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Zhibek Kulumbetova 🥇🇰🇿 (@zhibek_bjj)

"Алланың қалауымен джиу-джитсу күресі бойынша екінші рет әлем чемпионы атандым! 5 қарсыласыма ауырту әдісін жасап, таза жеңіске жеттім. Маған қолдау көрсеткен, жанкүйер болған барлықтарынызға шын жүректен алғыс айтамын! Мені осы жарысқа дайындаған "Sagadat Batyr - QTT" клубының бапкерлеріне көп рахмет!", - дейді Жібек Құлымбетова өз парақшасында.

Тағы оқыңыз: Жас спортшы шашымен көлік сүйреді

Сондай-ақ 12 жастағы спортшы қазақтың көк байрағын биікке көтере алғанына қуанышты екенін атап өтті.

"Еліміздін көк туын биікке көтере алғаныма қатты қуанамын! Аллаға мыңда бір шүкір! Қазақ елі жасай берсін!", - деді Жібек Құлымбетова.

212
Кілт сөздер:
әлем чемпионы, қыз, қазақ, джиу-джитсу
Тақырып бойынша
Қазақстан чемпионы сирек кездесетін ауруға шалдықты
Қазақстандық қақпашы Роналду ойнаған клубтың назарына ілікті
Өткен жылы карьерасын аяқтаған қазақстандық танымал 10 спортшы
"Қорықсаң, шаршы алаңға шығып керегі не?" Данияр Елеусінов туралы қызықты деректер
Жан дауысы шықты: Қызды тонамақ болған ұры өкініп қалды – видео
Загрузка...