Геннадий Головкин во время пресс-конференции

Головкин өзіне жаңа бапкер тауып, атын "өзгертіп" тастады  

4282
(Жаңартылды 08:50 03.05.2019)
Головкиннің аты енді ағылшын тілінде "Gennady" деп емес, "Gennadiy" болып жазылады

НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр — Sputnik.  Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Абель Санчестен бөлек кеткеннен кейін өзіне жаңа бапкер алды, деп хабарлады Sports.kz.

BoxingScene порталының журналисі Кит Айдектің мәліметінше, Головкин қандай шешім қабылдағанын төртінші мамыр күні таңертең ресми түрде жария етеді.   

Айта кету керек, бұл күні оның бұрынғы қарсыластары – мексикалық Сауль Альварес пен америкалық Дэниел Джейкобс арасында жекпе-жек өтеді.

Санчес Головкинді жақсылықты білмеді, сараңдық танытты деп айыптады   

Сондай-ақ Кит Айдек Головкиннің аты енді ағылшынша "Gennady" (Геннади) деп емес, "Gennadiy" (Геннадий) болып жазылатынын атап өтті.

"Головкин туу туралы куәлігінде "Gennadiy" деп жазылғанын айтты. Дегенмен, бұл өзгерісті жасау үшін АҚШ-та жеті жыл жұдырықтасудың не үшін қажет болғаны түсініксіз", - дейді Айдек.

Естеріңізге сала кетейік, 24 сәуірде Геннадий Головкин Абель Санчестен бөлек кететінін мәлімдеген болатын. Қазақстандық боксшыны тоғыз жыл жаттықтырған бапкер бұл ақпаратты растады.  

4282
Кілт сөздер:
бапкер, Головкин
Тақырып бойынша
"Артаевқа жол берген..." Геннадий Головкин туралы қызықты деректер
Головкиннің туған күні боксшы туралы не дейді - нумеролог айтып берді
Головкин Назарбаевтың президенттіктен кетуіне қатысты пікір білдірді
"Өзін-өзі шыңдаған боксшы": Рамзан Қадыров Головкинді ерекше құрметтейтінін айтты
Головкиннің келесі қарсыласы бірде-бір рет жеңілмеген - ресми ақпарат
Загрузка...