Спорт

Данияр Елеусінов Головкин үшін өз жекпе-жегінен бас тартты

© AP Photo Данияр Елеусінов
Данияр Елеусінов  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Боксшы өзінің кәсіпқой бокстағы кездесуін 25 мамырда АҚШ-та өткізуі тиіс болатын

НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр — Sputnik. Данияр Елеусінов Әлем чемпионы, украиналық Александр Усик (16-12 КО)  пен франциялық Карлос Такамның (36-5-1, 28 КО) АҚШ-тағы жекпе-жегі кезінде кездесу өткізуі тиіс еді. Алайда Рио олимпиадасы чемпионының командасы кездесуді шегерді, деп хабарлайды Sports.kz.

© Photo : Round By Round Boxing Данияр Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы кездесуі
Данияр Елеусінов Головкин үшін өз жекпе-жегінен бас тартты - Sputnik Қазақстан
Данияр Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы кездесуі

Қазақстандық боксшының менеджері Зия Алиевтің айтуынша, команда кездесуді Геннадий Головкиннің жекпе-жек кешінде ұйымдастыруды шешкен.

"Біз Данияр 25 мамырдың орнына 8 маусым күні кездесу өткізеді деп шештік. Яғни жекпе-жек Геннадий Головкиннің кешінде өтеді. 10 раундтық кездесудегі қарсыластың есімін алдағы уақытта жариялайтын боламыз", - деді ол.

Тағы оқыңыз: Данияр Елеусінов туралы қызықты деректер

Еске сала кетсек, 8  маусым күні WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы бұрынғы Әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) Нью-Йоркте бірде-бір рет жеңілмеген канадалық спортшы Стив Роллспен (19-0, 10 КО)  кездеседі.  

Жаңалықтар
0